Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы хабарламалар үшін 29 миллион теңге алды
Жаңалықтар

Қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы хабарламалар үшін 29 миллион теңге алды

07.10.2024
1 мин
0
147
Сурет: almaty.kgd.gov.kz

Қазақстандылар сыбайлас жемқорлық туралы хабарламалар үшін 29 миллион теңге алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің хабарлауынша, жыл басынан бері 76 адам, оның ішінде 33 мемлекеттік қызметші марапатталған. Оларға алғыс хаттар табысталды. 2023 жылмен салыстырғанда хабарламалар саны бір жарым есе көбейген, ал сыйақы мөлшері екі есеге өскен: 2023 жылы ол 15 миллион теңгені құраған. Ең көп марапатталғандар Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында – бұл өңірлерде 8-ден 10-ға дейін адам ынталандырылған. Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір адамнан марапатталды, ал Павлодар, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында екі адамнан марапатталды. Айта кетсек, Ақмола облысында марапаттар болмаған.

Биыл call-орталыққа 20 мыңнан астам өтініш түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қатысты 50 мыңға жуық кеңес берілді, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық белгілері бар 572 хабарлама тіркелді. Call-орталық арқылы келіп түскен хабарламалар бойынша қылмыстық істердің саны артып келеді. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосқан адамдарға бір реттік ақшалай сыйақы төленетінін еске саламыз. Марапаттау тәртібі реттелген, - деді агенттіктің анықтау және жолын кесу қызметінің ерекше маңызды істер бойынша офицері Әлия Дүйсенбигали.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл