Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін, 9 маусымда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын OpenWeather порталы жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматыда бүгін өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні 4,7 м/с шамасында болады.
Астанада ауа райы ашық әрі жайма-шуақ болады деп күтілуде. Күндіз сынап бағаны 21 градусқа дейін көтеріліп, түнгі уақытта 10 градусқа дейін түседі. Жел 6,7 м/с жылдамдықпен соғуы ықтимал.
Шымкентте аспанды бұлт торлап, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін салқындайды. Желдің жылдамдығы 10,2 м/с деңгейінде сақталады.