Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктер жаз айларына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Консультативті болжамға сәйкес 2023 жылы жазда республиканың басым бөлігінде температуралық фон нормадан жоғары, тек солтүстік аймақтарда норма шамасында күтіледі. Республиканың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында фронтальды бөліктердің өтуімен және Солтүстік теңіз ауданынан келетін суықтың әсерінен ауа температурасының күндіз +30+38°С-ден +15+20°С-ге дейін ауытқуы мүмкін, ал еліміздің оңтүстік-батыс жартысында жекелеген күндері термометр бағаны +40+45°С-ге дейін жоғарылайды деп болжанады. Ыстық күндер нөсер жаңбырлы қатты желмен, найзағайлы салқын күндермен ауысып отырады.
Жаздың алғашқы айы – маусым республиканың басым бөлігінде ыстық болады деп күтіледі, орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында норма шамасында болжанады (норма: республиканың басым бөлігінде +18+23°С, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында +24+28°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +7+17°С).
Шілде – жаздың ортасы, республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы норма шамасында, Казақстанның оңтүстік аймақтарында нормадан 1° жоғары күтіледі (норма: республиканың басым бөлігінде +18+24°С, еліміздің оңтүстік жартысында +25+30°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +9+17°С).
Жаздың соңғы айы – тамыз еліміздің басым бөлігінде ыстық болады деп күтіледі, орташа ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, тек республиканың солтүстік-батыс жартысында норма шамасында болжанады (норма: республиканың басым бөлігінде +20+28°С, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында +16+19°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +11+15°С).
Жауын-шашынға келетін болсақ, жалпы республиканың басым аймақтарында жазда жауын-шашынның жетіспеушілігі байқалады. Жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында күтіледі:
Маусым айында – солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында (норма: республиканың басым аймағында 25-49 мм, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында 1,7-24 мм, солтүстіктің жекелеген аймақтарында және республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында 51-155 мм);
Шілде айында – республиканың солтүстік-батыс бөлігінде (норма: республиканың басым аймағында 25-49 мм, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында 1,4-24 мм, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыстың жекелеген аймақтарында және республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында 50-84 мм);
Тамыз айында – Казақстанның солүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аудандарында (норма: республиканың басым аймағында 1-24 мм, еліміздің солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік-шығысында 25-49 мм, республиканың солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығысының жекелеген аймақтарында 50-63 мм).