Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ҚҚС 20%-ға көтеріле ме: депутаттар не дейді?
Жаңалықтар

ҚҚС 20%-ға көтеріле ме: депутаттар не дейді?

29.01.2025
1 мин
0
238
Сурет: Dauletten.kz

Мәжіліс депутаттары қосымша құн салығын 20%-ға көтеруге қатысты өз пікірлерін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Депутат Жаңбыршин ҚҚС-тың көтерілуі бизнеске теріс әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Оның пікірінше, ҚҚС мөлшерін арттыру кәсіпкерлерді көлеңкелі экономикаға алып келуі немесе өз бизнесін тоқтатуға мәжбүр етуі мүмкін. 

— Мұны үкіметпен бірге талқылауымыз керек. Себебі, егер ҚҚС көтерілсе, бизнес көлеңкелі экономикаға кетіп қалуы немесе өз бизнесін тоқтатуы мүмкін. Өйткені кеше айтылды ғой, 15 миллион теңгеге дейін түсіретінін. Жеке кәсіпкерлердің ҚҚС-ке тіркелуіне қатысты мәселе бар. Бұл жағдайда екінші жағын да қарастырып, талқылауымыз қажет. Кәсіпкерлерді шақырып, бизнес өкілдері мен ассоциацияларды біріктіріп, бір келісімге келуге болады деп ойлаймын, - деді Жаңбыршин. 

Депутат Ерлан Сайров бұл шешімнің әлі қабылданбағанын және Парламентте қаралатынын айтты. 

— Мен айтқанымдай, 20% әлі шешім қабылданған жоқ, ол Парламентке келеді. Біз бұл мәселе бойынша үкіметпен дискуссия жүргізетін боламыз. Жаңа ғана айтып өттім, Еуропа елдерінде және Қытайда қосымша құн салығының екі шкаласы бар. Яғни, әлеуметтік тауарларға төменгі ставка, ал қосымша құны жоғары тауарларға жоғары ставка қолданылады. Мүмкін, біз де осындай бір компромиске келуіміз мүмкін. Мен өзім 20%-ға қарсымын, - деді депутат Сайров.

Ал Депутат Ерболат Саурықовта ҚҚС-тың жоғарылауы халықтың тұрмысына әсер етуі мүмкін деп есептейді. Ол бизнес өкілдерінің өз өнімдерінің бағасын көтеретінін және бұл ақырында қарапайым халыққа әсер ететінін айтты. 

— Қосымша құн салығын енгізудің жаңа жолдары мен схемалары ұсынылды. Мысалы, табыс көзі белгілі бір мөлшерде адамдарға немесе компанияларға байланысты болуы мүмкін. Бірақ сол компанияларда табыс тапқан ірі кәсіпорындардың барлығында жұмыс істейтін қарапайым азаматтар бар. Егер қосымша құн салығы артса, менің ойымша, кез келген бизнес өкілі өзінің өнімінің немесе айналымдағы тауардың бағасын көтеруі мүмкін. Ал бұл, өз кезегінде, қайтадан қарапайым халықтың қалтасына соққы болып тиеді. Алайда бұл мәселе толық шешілмеген жоқ. Салық кодексі біздің қарауымызда. Қазір депутаттар түрлі ұсыныстар беріп жатыр, үкімет өзінің ұсынысын ұсынуда. Біз бір ортақ шешімге келеміз деп ойлаймын, - деді депутат. 

Сонымен қатар Саурықов ҚҚС 20%-ға көтерілсе, бұл халықтың жағдайына теріс әсер етуі мүмкін екенін айта кетті.

— Негізі дамыған мемлекеттерде ҚҚС-ның мөлшері өте жоғары. Кеше Президент мұнай, бензин, көмірдің арзан екенін айтты. Өзге көрші мемлекеттермен салыстырғанда бұл бағалар өте арзан. Бірақ олардың арзан болуының бір кемшілігі — бұл өнімдер көлеңкелі экономикаға кетіп, сыртқа шығарылады. Егер осы өнімдердің бағасы көтерілсе, халықтың қалтасы қағылуы мүмкін. Бізде де дәл осылай болуы мүмкін. Егер ҚҚС-ты көтерсек, халық үшін бұл қиынға соғуы мүмкін. Сол себепті менің азаматтық позициям бойынша, қазір ҚҚС-ты көтеруді тоқтата тұрған дұрыс. Өйткені алдымен экономикамызды дамытып, тұрақтандырып алғаннан кейін, және мемлекеттің бюджетіндегі қаржылық жетіспеушіліктерді толықтырғаннан кейін ғана, ҚҚС-ты көтеруге болады деп есептеймін, - деп қорытындылады Саурықов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл