Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС қызметкері пара алғаны үшін сотталды

22.11.2024
мин
1
143
Коллаж: Polisia.kz/Ф.Мухаметгали

⚡️"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Батыс" филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Батыс" филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды. Ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен делдал 1 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды, пара берген адам және оның көмекшісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
?
??? 22.11.2024
Пара ктж -ң бәрінде бар Кәзір 3млн тенге помощник болып кіру үшін деп естідім
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл