Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шығыс Қазақстан облысының полициясы қыс айларында жазғы шинамен жүргендерге айыппұл салынатынын ескертті. Бұл туралы Спутник Қазақстан жазды.
Кеден одағының 018/2011 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті бойынша қыста (желтоқсан, қаңтар мен ақпан айларында) қысқы шина салынбаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Қысқы шиналар көлік құралының барлық доңғалағына орнатылуға тиіс. Оның арнайы таңбасы, сондай-ақ, "М+S", "M&S", "M S" белгісі болады.
Қысқы шинада бүртабан (шип) болған жағдайда көліктің артқы терезесіне белгі қою қажет.
Қыста жазғы шинамен жүргендер Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы, 5-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 5 АЕК (15 900 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.