Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызылорда облысында 400 миллионға салынған мектеп құлайын деп тұр
Жаңалықтар

Қызылорда облысында 400 миллионға салынған мектеп құлайын деп тұр

14.07.2021
1 мин
10
1110

Қызылорда облысы Арал ауданында 150-дей оқушы биыл жаңа оқу жылында мектептің емес, әкімдік ғимаратының табалдырығын аттағалы отыр. Өйткені небәрі бес жыл бұрын ғана бюджеттің 400 миллион теңгесіне салынған ауылдағы су жаңа білім ұясы жабылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Қолданысқа берілгеніне көп ұзамай мектептің қабырғалары жарылған. Қазір құлаудың аз-ақ алдында тұр. Сондықтан былтыр білім ордасы апатты деп танылып, есігіне қара құлып салынған. Білім ұясының құрылысына 402 миллион теңге жұмсалыпты. Ата-атаналар бюджеттің ақшасына дәл осындай сапасыз мектеп салып берген жергілікті биліктегілерге ашулы.

Олар алдағы оқу жылында да сабақ әкімдік ғимаратында өтеді дегенге наразылық білдірді. Өйткені ешқандай талаптарға сай келмейтін әкімдікте оқушылар былтыр бір тоқсан оқыған екен. Сол кезде суық ғимаратта балаларымыз тоңып, бірінен соң бірі ауырып шықты дейді.

“Қиын болды. Балалар сыймады. Ең көп дегені 24 баладан болды. Оның үстіне суық болды. Іші ремонтталмаған, балалар тоңды. Бірақ амал жоқ. Оқу керек, оқыды”, – дейді ата-ана Гүлмараш Әбілтаева. 

Ал облыстық білім басқармасы ауыл оқушыларының мәселесін биыл да шешіп бере алмайтындарын кесіп айтты. Басқарма әзірге тек апатты мектептің бұл жағдайын тексеріп, жобалық-сметасын дайындауға ғана қаражат аударылатын болды деп отыр.

“Жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық мәслихатқа бюджеттік өтінім ұсынылып отыр. Бюджеттен қолдау тауып отыр. Сапалы салынуы, сапасыздығынан апатты жағдай орын алып отыр деу үшін оған сараптама керек. Жер асты сулары көбейіп кетеді. Содан болуы керек”, – дейді Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов.

Басқармадығалар да әдеттегі шенеуніктердей мектептің небәрі бес жылда апатты күйге түсуіне табиғатты кінәлап отырғандай. Қазіргі қирауға шақ қалған ғимараттың "тағдыры" сараптамадан кейін шешіледі.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
10 Пікір
А
Алима 15.07.2021
Өте қиын жағдай
Жауап беру
К
Казына 15.07.2021
Биздин елде жемкорлык
Жауап беру
С
Сандугаш 15.07.2021
Акшасынын тен жартысына салынлы
Жауап беру
А
Айгул 15.07.2021
уятка бызден бастыктарга
Жауап беру
А
Айжан 15.07.2021
Біздің елде жемқорлық тоқтамай ештеңке өзгермейді
Жауап беру
D
Damir 14.07.2021
Attegen AI dep qalar zhagdai eken
Жауап беру
Ф
Фатима 14.07.2021
Өте өкінішті, хаос
Жауап беру
А
Айша 14.07.2021
Осы Арал ауданы Токабай елді мекені не нәрседен де көш соңыда әкімшілік жұмысы нөл.Ешқандай заманауи ештеңе жоқ.Осындай салғырттықтың кесірінен қанша оқушы білімсіз қалады.
Жауап беру
Л
Ляйля 14.07.2021
Қиын жағдай екен .
Жауап беру
Б
Бақытгүл 14.07.2021
Комиссия мүшелері не істеп отырады. Балық басынан шіриді деп бекер айтпайды. Біздің жоғарғы жақ шіріп отыр ғой.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл