Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ресейде есірткімен ұсталған қазақстандықтардың саны артып барады
Жаңалықтар

Ресейде есірткімен ұсталған қазақстандықтардың саны артып барады

10.11.2024
1 мин
0
291
Сурет: gov.kz

Ресейде есірткі тасымалдау бойынша ұсталып, сотталған қазақстандықтардың саны көбеюде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазіргі уақытта Ресей түрмелерінде 72 қазақстандық қамауда отыр, олардың ісі Қазақстан дипломаттарының назарында.

Дана Нұржан, тілші:

- Надежда Попеску бір айлық сәбиін анасына қалдырып, Жезқазғаннан Ресейге есірткі тасымалдаушы болу үшін келіпті. Жеңіл жұмыс пен жоғары айлық туралы жарнаманы OLX сайтынан көріп, кейін WhatsApp арқылы белгісіз адаммен келісімге келеді. Надежда Ресейге есірткі тасымалдайтынын білгенін айтады.

Надежда Попеску:

- Мен куратордан "ұсталып қалсам не болады?" деп сұрадым. Ол "Құтқарамын, ешқандай қауіп жоқ" деп сендірді. Красноярскіге келген соң маған есірткіні қайдан алып, қалай дайындау керектігін айтты. Бірнеше күннен кейін есірткіні далаға жасырып жүргенде, полиция мені ұстады. Красноярскіге Тараздан келген Раиса есірткі тасымалдау әдістерін бұрыннан білген, себебі ол Алматыда осы іспен айналысқан. “Несиелерімді төлеу үшін заңсыз әрекетке баруға мәжбүр болдым”, - дейді ол.

Раиса Табылдиева:

- Қазақтың салт-дәстүрімен ұзату той жасау үшін несие алдым, жасауымды дайындау үшін де қарызға баттым. Күйеуіммен бір жыл тұрып ажырастым, ал несие өзімде қалды. "Ресейге барсаң, көп ақша табасың" деген сөзге сендім. Қазақстанда бір қорапты жасырғаның үшін 200 рубль төлесе, Ресейде 500 рубль. Бір ай бойы есірткі тасымалдаумен айналыстым, елге қайтамын дегенде ұсталып қалдым.

Дана Нұржан, тілші:

- Красноярск өлкесінде есірткі курьерлері көбінесе героинмен ұсталады. Мұндай көлемдегі есірткі үшін кемінде 8 жылға бас бостандығынан айырады, ал егер көлемі үлкен немесе қылмыстық топтың құрамында болғаны дәлелденсе, жаза қатаңдатылады: 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін.

Қылмыстық торды ұйымдастырушылар көбіне жасы 30-ға толмаған, нашақор емес, ақшасыз және жұмыссыз жастарды есірткі тасымалдауға тартады.

Денис Степанов, Красноярск өлкесі бойынша Есірткі айналымын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

- Өткен жылы Қазақстанның 12 азаматы ұсталды. Биылғы жылдың алғашқы алты айында 9 адам тұтқындалды, олардың барлығы есірткі тасымалдағаны үшін сотталды. 2024 жылы ұсталғандардан тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келіні құрайды.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қамауға алынған отандастарымызға барынша көмек көрсетіп жатыр. Оларға заңгерлік кеңес беріп, сотталғандарды Қазақстан түрмелеріне ауыстыруға жәрдемдесуде. Бүгінде 72 адам елшіліктен көмек сұрады.

Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі:

- Елшілік, консулдық, бас консулдықтар міндетті түрде азаматтарымызға көмектеседі. Бірақ заңды бұзған кезде, ұсталып, кінәсі дәлелденгенде, олар тұтқындалады. Жастарымыз бен олардың ата-аналарына айтатынымыз: қайда барып, не істеп жатқанына өте мұқият қарау керек. Ресейге барсаңыздар, бұл елдің заңын білу қажет, оны бұзбау керек.

Есірткі тасып, жеңіл ақша тапқысы келгендердің тағдыры бірдей: олар ұзақ жылдар бойы шетелде түрмеде қамауда болады. Құқық қорғау органдарының айтуынша, Қазақстандық төлқұжаты бар есірткі тасымалдаушылар Ресейге келгеннен кейін бір ай ішінде қамауға алынады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл