Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Салынып жатқан үйден пәтерді қауіпсіз түрде қалай сатып алуға болады?
Баспанаға бағыт

Салынып жатқан үйден пәтерді қауіпсіз түрде қалай сатып алуға болады?

21.11.2020
1 мин
5
22450

Баспана сатып алуды алдын ала жоспарлаған жандардың кейбірі пәтерді жаңа салынған немесе қолданыста болған тұрғын үйден емес, салынып жатқан үйден алуды жөн көреді. Бұл әдіс тиімді саналғанымен, көп жағдайда қауіпсіз емес. Сондықтан салынып жатқан үйден пәтер сатып алғанда өзіңізді қорғау мақсатында қандай қадамдар жасау керегін біле жүріңіз.

Ең алдымен, ҚР-ның «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңымен мұқият танысыңыз. Себебі құрылыс барысындағы тұрғын үйді сатып алу кезіндегі нысанды салушы мен сатып алушының қарым-қатынасы заңмен реттеледі.

Осы орайда, ескеретін екі маңызды мәселе бар:

  1. Құрылыс салушыда немесе уәкілетті компанияда әкімдіктен алынған үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты немесе бірыңғай оператордың кепілдігі (бұрын — Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры) болуы тиіс;
  2. Келісім тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартпен ғана жасалады. Алдын ала, инвестициялық және басқа да келісімшарт түрлері заңсыз.

Құрылыс салушыдан қандай құжаттарды сұрау қажет?

  • үлескерлердің ақшасын тартуға әкімдіктің рұқсаты немесе бірыңғай оператордың кепілдігі (әкімдік рұқсаты әкімнің немесе оның орынбасарларының қолы қойылған ресми бланкіде дайындалады. Мәтінде құжат нөмірі, берілген күні, уәкілетті компанияның және құрылыс салушының аты, БСН, нысан туралы ақпарат, пайдалануға беру мерзімі көрсетілуі керек. Ал бірыңғай оператордың кепілдігі туралы ақпарат бірыңғай оператордың ресми сайтында орналастырылады);
  • уәкілетті компания туралы реквизиттері мен мекенжайы бар ақпарат;
  • мемлекеттік тіркеуді растайтын анықтама;
  • телімге берілген құжаттар;
  • іске асырылған жобалар және нысан туралы ақпарат (үйдің орналасуы мен параметрлері, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы, аяқталу мерзімі, тартқан мердігерлер және т.б.).

Келісімшартта не болуы керек?

  • тараптардың реквизиттері, нысанды салу мерзімі, мекенжайы, жалпы ауданы, бағасы сияқты негізгі мәліметтер;
  • учаскенің тиістілік формасы (сатып алу-сату шарты, жеке меншік құқығының акті, жерді тұрақты пайдалану актісі, әкімдік қаулысы және т.б.);
  • шарт жасасуға арналған негіздеме (әкімдіктің рұқсаты немесе бірыңғай оператордың кепілдігі);
  • айыппұл мөлшері;
  • үлескердің ақшасын өзге банк шоттарына тартуға жол бермеу туралы тармақ;
  • пәтерді қабылдау-беру тәртібі (жеке шарт шеңберінде жүзеге асырылады);
  • кепілдік мерзімі (ғимарат пайдалануға берілген күннен бастап кемінде екі жыл);
  • үлестің жоспар-сызбасы және нысанның сипаттамалары;
  • төлем тәртібі (құны тіркелген және ұлғайтылмайды, сондай-ақ ақша құрылыс компаниясының банктік шотына аударылады);
  • тараптардың міндеттері.

Құрылыс салушының міндеттері:

  • шартты және рұқсат беру құжаттарын таныстыруға ұсыну;
  • құрылыс жұмыстарына ақы төлеуді, құрылысты аяқтауды және пәтерді көрсетілген мерзімде беруді қамтамасыз ету;
  • заңсыздықтарды жою;
  • ғимаратты кепілдік мерзімі ішінде жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес сақтау.

Үлескердің міндеті:

  • құрылыс компаниясының банктік шотына қаражат салу;
  • пәтерді қабылдау;
  • техпаспортты дайындау және меншік құқығын тіркеу бойынша шығындарды өтеу;
  • тіркеуге дейін қайта жоспарлауды жүргізбеу.

Үлестік қатысу туралы шарт үш данада жасалады және әкімдікте есепке қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Шарттың тіркелгеніне көз жеткізіңіз. Тіркеу жазбасы туралы үзінді көшірме пошта арқылы жіберіледі немесе қолхатпен жеке табысталады. Тіркеу расталмаған жағдайда құрылыс салушыға хабарласыңыз.

Құрылыс барысын бақылау. Заң бойынша құрылыс компаниясы ай сайын өз сайтындағы фотоесеппен бірге құрылыстың барысы туралы ақпаратты жаңартып отыруы керек. Ал жаңартпаса, заңды бұзған болып саналады.

Жансая ҚАМБАР

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
А
Асия 13.03.2021
Екі тілде жазғанда ғой
Жауап беру
10.12.2021
екі тілді біліп жүрген дұрыс
Жауап беру
А
Айжан 16.02.2021
Жалко что не на двух языках написано
Жауап беру
А
А 20.11.2020
Таблода -Мұнайдың бағалары ғана көрінбейді
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл