Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Samruk-Kazyna Construction" және "Дорстройтрест" ЖШС басшылары 3 млрд теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2022 жылғы қаңтарда "Samruk-Kazyna Construction" АҚ мен "Дорстройтрест" ЖШС арасында құрылысқа инвестиция салу туралы келісімшарт жасалып, 2,6 млрд теңге көлемінде аванс төленген.
Алайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған және өрескел бұзушылықтармен жүргізілген. Ал аванс күдіктілер тарапынан құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған.
Сонымен қатар 650 млн теңге жалған шарттар арқылы компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Қылмыстық жолмен алынған кіріске 23 млн теңге тұратын екі автокөлік сатып алынып, оларды тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімделген.
Сот санкциясымен күдіктілердің 170 млн теңге тұратын барлық мүлкіне – 5 автокөлік пен Астанадағы пәтерге тыйым салынды.
Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуге жарияланды.