Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шығыс Қазақстан облысында туып-өскен әр адамға экологиялық жеңілдіктер жасалатын болды.
ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатовтың айтуынша, өңірде туып-өскен әр адамға экологиялық жеңілдіктер жасалатын болды. Ал осыған дейін тек 1991 жылға дейін туған, қолында арнайы анықтама қағазы бар адамдар ғана жеңілдік алатын еді.
«Яғни, енді өңір тұрғындарына жас шамасына қарамастан ай сайынғы еңбекақыға 1,5 АЕК мөлшерінде (4 594,5 теңге) қосымша ақы төленеді. Сондай-ақ жыл сайын 10 күн қосымша ақылы еңбек демалысы беріледі», - деді басқарма басшысы.
Бұл ШҚО әкімдігі, облыстық кәсіподақ және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған келісімге сәйкес мүмкін болып отыр.
Тағы көру