Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елорда күні қарсаңында Шымкентте 9 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Бұл кәсіпорындар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын болады. Онда 150-ге жуық адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды 24.kz.
Айта кетейік, нысандардың ашылу салтанаты онлайн режимде өтті. Еліміздегі үшінші мегаполис пандемияға қарамастан елорда күні қарсаңында бірнеше кәсіпорынды іске қосты. Жобаның жалпы құны 2 жарым млрд теңгеден асады. Жаңадан ашылған өндіріс орындарының қатарында түрлі форматтағы қағаз, кондитерлік шығаратын фабрикалар бар. Сондай-ақ шыны пакеттерге арналған алюминий дистанциялық жақтаулар өндірісі де іске кірісті. Ал тағы бір жаңа зауыт жылына 300 дизельдік генератор шығарады.
«Сіздердің қаламыздың дамуына қосып жатқан үлестеріңіз зор. Елорда күнін тойлауға ат салысқандарыңызға алғысымызды білдіремін. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Азық-түлікпен өз-өзін қамтамасыз ететін қала болу үшін жұмыс жасауға шақырамын», - деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Онлайн жиында өңір басшысы жаңадан іске қосылған кәсіпорындар қаланың дамуына өз үлестерін қосатындығына сенім білдірді. Сондай-ақ шымкенттіктер мен қала қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, карантин шараларын қатаң сақтап, денсаулықтарын күтуге шақырды.