Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстауға жеткізілген гуманитарлық көмектің әрбір затына «тегін таратылады» мөрі басылды.
Маңғыстау өңіріне Катар және Қытай Халық республикасынан келген гуманитарлық көмек 23 емдеу мекемесіне таратылмақ. Медициналық қорғану құралдары жинақталған жүктер 14 шілдеде денсаулық сақтау басқармасының қоймасына түскен еді. Жүктің діттеген жерге толық көлемде жетуін «Маңғыстау– адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесе бақылайды.
Гуманитарлық көмек салынған әр қорапқа «тегін таратылады» деген арнайы мөр басылуы жіті қадағаланған. Олай мөр басуға басты себеп – көп жерлерде республика бойынша гуманитарлық көмек болып келген заттар сатылымға шығып кетті деген фактілердің кездесуі. Осылайша, гуманитарлық көмектің жеке дәріхана не емханада заңсыз сатылымға шығарылуына жол берілмейді.