Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Майя Сандумен кездесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды, әсіресе сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы екі елдің ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Сонымен қатар, президенттер жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға келісті.