Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы халыққа арнаған құттықтауында Амал күнінің ерекше мәніне тоқталып өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Құрметті отандастар!
Сіздерді әз-Наурыздың бастауы — Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал келгенде амандық сұрасу — ата-бабадан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, көктемнің шуақты күндеріне жеткен ағайын дәл осы күні көрісіп, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды. Жастар үлкендерге сәлем беріп, ақсақалдардың батасын алады. Халқымыз осындай дәстүрлер арқылы бауырмалдық, жанашырлық, татулық пен мейірімділік сынды асыл қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп жеткізген. Бұл құндылықтар қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен үндеседі. Бүгінде Наурыз мейрамы қарсаңындағы көрісу дәстүрі қайта жанданып, жалпыұлттық сипатқа ие бола бастады. Осы ерекше ғұрпымыз ел бірлігін нығайта түседі деп сенемін. Әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш тілеймін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айдан аман, жылдан есен болайық! — делінген құттықтауда.