Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев үндеу жасады
Жаңалықтар

Тоқаев үндеу жасады

29.08.2020
1 мин
6
3332

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семей ядролық полигонының жабылған күніне байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

"Осыдан тура 29 жыл бұрын, 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ядролық қару-жарақтан бас тарту туралы теңдессіз тарихи шешім қабылдап, антиядролық қозғалыстың көшбасшыларының бірі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысымен 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды.

Осылайша, 450-ден астам жарылыс жасалған әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының бірі – Семей полигоны, бұрынғы Кеңес Одағы басшылығының қарсылығына қарамастан, біржола жабылды. Бұл өскелең ұрпақтың жарқын келешегі мен мемлекетіміздің баянды болашағы жолында жасалған шешуші қадам болды. Сонымен қатар әлемнің әр түкпіріндегі сынақ алаңдарының жабылуына жол ашқан батыл бастамаға айналды.

Тәуелсіздікті ядролық қарусыздану және жойқын қаруды таратпау жөніндегі бейбіт ұстаныммен қарсы алуымыз Елбасының саяси ерік-жігері мен салиқалы саясатының арқасында жүзеге асқаны анық.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихта тұңғыш рет ядролық полигонды өз еркімен жабу жөнінде парасатты шешім қабылдауы арқылы әлемдегі қауіпсіздікті және бейбітшілікті қамтамасыз етуге зор үлес қосты.

Осы батыл әрекет әлем тарихында жарқын бет ретінде мәңгі қалатынына күмәнім жоқ.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы және жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басқа да бастамалары бейбітшілікке деген берік ұстанымымызды айқындап берді.

Елбасының көреген басшылығымен мемлекетті жойқын қарусыз дамытудың әлемдік бірегей үлгісі қалыптасты. Еліміз ядролық қауіпсіздік саласындағы халықаралық қозғалыстың белсенді мүшесіне айналды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
А
Айгуль 30.08.2020
Қазіргі халық оны түсінбейді ол кезеңнен өтіп қойған.қазір халықты ашық аспан ел тыныштығы қызықтырмайды.адамның пиілі бұзылса Алла апаттарды жібере береді
Жауап беру
М
Мариям 30.08.2020
Қазіргі жағдайға қатысты үндеу екен десем!?
Жауап беру
И
Индия 30.08.2020
Неайтып жатыр
Жауап беру
М
М 29.08.2020
Не аитты
Жауап беру
М
Меруерт Түркістан қаласы 29.08.2020
Үндеу 1-іне деп еді.Бұл басқа үндеу ме сонда?☹
Жауап беру
А
Апике 29.08.2020
Мулде дурыс емес
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл