Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркияда оқығысы келген 200-ге жуық қазақстандық сан соғып қалды
Жаңалықтар

Түркияда оқығысы келген 200-ге жуық қазақстандық сан соғып қалды

25.11.2022
2 мин
0
1528

Елімізде Түркия университеттерінде оқуға түскісі келген 200-дей адам компанияға алданып қалған.

Ақтөбелік ата-аналар өзге елге оқуға түсіріп, жатақханаларыңызды дайындап береміз деген компаниялардың арбауына түскен. Түркияға өз ақшаларымен барған балалардың қазір сол елде не оқуы, не тұратын жері жоқ.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Раушан Қожанова – «Turkey EDU» компаниясына сеніп, сан соғып қалғандардың бірі. Ол дәл осы компания арқылы өз баласын Түркияға оқуға түсіруге бекінген. Айтуынша, аталмыш компания өкілдері сол елдегі жоғары оқу орнына жеңілдікпен түсіре аламыз деген соң келісім жасасқан. Тіпті жатақхана мәселесін де шешуге уәде берді. А

«Компанияға 800 мың теңге бердік. Келісім бойынша бұл ақыға олар түрік тілін үйретіп, баламды Түркиядағы оқуға түсіруі керекеді. Бұл қызметтердің бірі де орындалмады. Ақшамды да қайтарған жоқ», – деді ақтөбелік тұрғын Раушан Қожанова.

Заңгер Ғабит Өмірбековтің айтуынша, осы компания еліміздің түкпір-түкпірінен 200-дей алдап соқты. «Turkey EDU» танымал адамдарға жарнама жасатып, Түркияда оқығысы келетін талапкерлерді тартқан. Осылайша олардан ақшасын алған соң, келісімшартта көрсетілген міндеттерінің бірде-бірін орындамады. Тіпті Түркияға баратын ұшақ билеттерін де алып бермепті дейді заңгер. Кейбір ата-аналар компанияға соңына дейін сеніп, Түркияға өз қаражаттарымен барған.

«Турцияға барамыз деп дайындалып отырған соң өз қаражаттарына билет алды. Турцияға жеткеннен кейін оларды ешкім күтіп алмаған, университтеріне барса, оқуға түскендердің арасында тізімде жоқ. Жатақхана алынбаған. Арман қуып барған жастардың көбі сол елде тентіреп қалды», – деді заңгер.

Оның айтуынша, қазір аталған компания келісімшарт жасасқан азаматтарға 100 миллион теңгедей шығын келтірген.

«Turkey EDU» компаниясы өкілінің айтуынша, Түркиядағы университтерге түсу үшін келісімшартта көрсетілгендей талапкерлер түрік тілін үйрететін курстан толықтай өту керек. Бірақ кейбір ата-аналар бұл процесті асықтырып жатыр дейді.

Қазір бұл іске байланысты Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері «алаяқтық бабы» бойынша тергеу жүргізіп жатқандарын мәлімдеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл