Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық банк неліктен мөлшерлемені көтермеді?
Жаңалықтар

Ұлттық банк неліктен мөлшерлемені көтермеді?

11.07.2025
1 мин
0
119

2025 жылғы 11 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін жариялап, оны бұрынғы деңгейінде – 16,5% шамасында қалдырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Орталық банктің хабарлауынша, инфляциялық факторлардың қазіргі жағдайы, оның қарқыны, проинфляциялық қысым мен сыртқы ортадағы белгісіздік базалық мөлшерлемені осы деңгейде 2025 жылдың соңына дейін сақтау ықтималдығын арттырып отыр.

- Қазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде, +/- 1 пайыздық дәлізбен сақтау туралы шешім қабылдады, – делінген ресми мәлімдемеде.

Маусым айында жылдық инфляция 11,8%-ды құрады. Негізгі сауда серіктесі Ресейдегі инфляцияның баяулауы сыртқы инфляциялық қысымды әлсіретті. Сонымен қатар, қаңтар-мамыр айларында Қазақстан экономикасының өсімі 6%-ға жеткен.

- Қазіргі жағдайда қатаң әрі ұстамды ақша-кредит саясаты мен Ұлттық банктің қосымша шаралары инфляцияның өсуін тежеуге бағытталған. Жеке тұлғаларды несиелеу нарығын тежеу бойынша қабылданып жатқан микро және макропруденциялық шаралар алдағы уақытта өз әсерін арттыра түседі, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Сондай-ақ, комитет қажет болған жағдайда базалық мөлшерлемені арттыру мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Базалық мөлшерлемеге қатысты келесі шешім макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы қайта қаралатын болжамдық раундтың нәтижесінде қабылданбақ.

Келесі жоспарлы шешім 2025 жылғы 29 тамызда, Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл