Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық банк төрағасы инфляцияға қатысты болжам жасады
Жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы инфляцияға қатысты болжам жасады

15.03.2022
1 мин
2
3011

Осы жылғы ақпан айында жылдық инфляция барлық компоненттерінің қымбаттауы аясында 8,5%-дан 8,7%-ға дейін жеделдеді. Инфляцияға азық-түлік тауарлары үлкен үлес қосты. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндады.

Пірматовтың айтуынша, Ұлттық банк ел экономикасына сыртқы шок салдарының таралуын алдын алу, теңгеге қысымды төмендету және теңгедегі активтерді қорғау шараларын қабылдап жатыр.

Ұлттық банк төрағасы биылғы жылғы 24 ақпанда Ұлттық банк базалық ставканы 13,5%-ға дейін көтергенін атап өтті.

Инфляцияның 2022-2023 жылдардағы нысаналы дәлізден жоғары болып қалыптасу тәуекелі артты. Осы жылғы ақпан айында жылдық инфляция барлық компоненттерінің қымбаттауы аясында 8,5%-дан 8,7%-ға дейін жеделдеді. Инфляцияға азық-түлік тауарлары үлкен үлес қосады, оларға бағаның өсуі 10%-ға дейін нан-тоқаш өнімдерінің, жармалардың, сүт өнімдер мен көкөністердің қымбаттауына байланысты жеделдеді. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 8,5%-дан 8,6%-ға дейін өсті. Ақылы қызметтер 6,8%-дан 7,1%-ға дейін жеделдеді, бұл бірқатар нарықтық қызметтер бағасының өсуіне байланысты. Энергия, металл және ауылшаруашылық өнімдері бағасының өсуіне байланысты жаһандық инфляция бұған дейін болжанған уақыттан да ұзақ мерзім болады және ішкі бағаларға қысым жасайды.ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов

Оның айтуынша, үкімет пен әкімдіктердің 2022-2024 жылдарға арналған Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін тиімді іске асыруы, реттелетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтеріне, жанар-жағармай бағасының өсуіне енгізілген мораторий және тұтынушылық сұраныстың шектеулі динамикасы инфляцияға тежеуші ықпал ететін болады.

Мораторийді алып тастағаннан кейін жанар-жағармай бағасының өсуіне жол бермеу керек. Ол үшін шамадан тыс делдалдықты жоя отырып, нарықтық баға белгілеуге және нарықтарды теңгерімді дамытуға жағдай жасау қажет. Сондай-ақ азық-түлік пен тыңайтқыштарға әлемдік бағаның өсуі тарапынан инфляция үшін тәуекелдерді барынша азайтқан жөн. Ұлттық банк әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша ғана емес, инфляцияға елеулі үлес қосатын басқа да тамақ өнімдері бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс деп есептейді. Бағаны тұрақтандыру үшін Ұлттық Банк өз тарапынан базалық ставка бойынша алдағы шешімдерді болжамды және нақты инфляцияны, инфляциялық күтулерді және геосаяси жағдайдың дамуы мен оған қаржы нарықтарының ықпалын ескере отырып қабылдайтын болады. Ғалымжан Пірматов

 

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7847 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Г
Гүлиира 16.03.2022
Отбасы банк арқылы пәтер алу жолдарын, қыр своын толық білмеймін. Отбасы банкте депозитті 2015 жылы аштым. Алдағы уақытта қандай тиімді жолдармен пәтер алуға бодады?
Жауап беру
Г
Гулнар 16.03.2022
Пенсиям оте аз 57 мын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл