| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санын жариялады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылға арналған Қазақстан халқының саны жөніндегі ресми деректерді жариялады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтарда ел халқының саны 20 495 975 адамды құрады. Соңғы бір жылда республика тұрғындарының саны 212 576 адамға артқан.
Өңірлер бойынша ең көп өсім байқалған аймақтардың бірі – Түркістан облысы.
Мұнда халық саны 2 миллионнан асып, 2 148 658 адамға жеткен. Алматы қаласында 2 347 924 адам тұрады.
Халқы 1 миллионнан асатын өңірлер қатарында:
Астана қаласы – 1 638 233 адам, жыл ішінде халық саны 109 530 адамға көбейген;
Алматы облысы – 1 596 331 адам, өсім 36 207 адамды құраған;
Жамбыл облысы – 1 215 373 адам, керісінше 7 018 адамға азайған;
Шымкент қаласы – 1 293 648 адам, халық саны 37 484 адамға артқан;
Қарағанды облысы – 1 131 287 адам, 2 646 адамға кеміген.
Ал халық саны ең аз өңірлер ретінде:
Ұлытау облысы – 218 993 адам (2 297 адамға азайған);
Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам (8 015 адамға кеміген);
Абай облысы – 595 676 адам (7 156 адамға азайған).
1 қаңтардағы дерекке сай, қала тұрғындарының саны 13 029 803 адамға жетіп, бір жылда 256 688 адамға өскен. Ал ауылдық жерлерде 7 466 172 адам тұрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 44 112 адамға төмендеген.