Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде екінші деңгейлі банктердің ішінде үш банктің жағдайы төмендеді. Олар - Capital Bank Kazakhstan, AsiaCredit Bank және Tengri Bank.
Finprom.kz сайтының мәліметіне сәйкес, аталмыш банктердің үлесі шамамен 1%-ды құрайды. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, Capital Bank Kazakhstan, AsiaCredit Bank және Tengri Bank Қазақстандағы қаржы нарығын реттеуші Ұлттық банктің пруденциялық талаптарын орындамаған. Аталмыш жағдай бірнеше айға созылған. Мәселен, Capital Bank Kazakhstan пруденциялық нормативтерді 2019 жылдың басынан бері, AsiaCredit Bank 8 айдан бері, Tengri Bank - 4 ай көлемінде орындамаған.
Tengri Bank активтері бір жыл ішінде 23,3%-ға азайып, 101,3 млрд теңгені құрап отыр. Банк 14 сәуірден бастап төлем карточкаларына күніне 50 теңгеге дейін шектеу енгізді, содан кейін күнделікті лимиттің жалпы көлемі 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.
Қаржылық жағдайы мәз емес банктердің кезектісі - Capital Bank Kazakhstan. Бір жыл ішінде банктің жиынтық активтері 22,2%-ға, яғни 69,1 млрд теңгеге дейін төмендеген.
Ал AsiaCredit Bank-тің жиынтық активтері 38,5%-ға, яғни 63,6 млрд теңгеге дейін азайған.
Аталмыш банктердің проблемасы мұнымен шектелмейді. Себебі банк қызметтерінің тиімділігі де әлдеқайда төмендеп кеткен. 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында Tengri Bank, Capital Bank Kazakhstan және AsiaCredit Bank жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеге шығынға батқан. Соның ішінде Tengri Bank (4,1 млрд тг), AsiaCredit Bank (1,8 млрд тг) және Capital Bank Kazakhstan (1,6 млрд тг).