Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушыны ұрып-соққаны үшін жұмыстан босатылды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абай Қайратұлы Бекетов 8-сынып оқушысы Арнат Әбдіхалыққа қол көтерген.
«Жаңаөзен мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абай Бекетов бүгін 8-сынып оқушысы Арнат Әбдіхалық деген оқушыны ұрған. Мұғалімнің түсініктемесі және Жаңаөзен мектеп-гимназиясының тәртіптік кеңесі комиссиясы отырысының негізінде Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 14-тармақшасы бойынша жұмыстан босатылды», - деді Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Өсербай Табыншаев.