Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруы аясында «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «NarcoSTOP» жобасы бастау алды.
Жобаның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің ағзаға тигізетін зияны туралы білімдерін тереңдетету, жастар арасында нашақорлық пен ЖИТС-тің таралу себептері мен олардың алдын алу факторларын анықтау.
Жоба жетекшісі Жұлдыз Әбілсейітқызы: « «NarcoSTOP» жоба аясында Жетісу облысының жастары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы мамандармен семинар-тренингтер өткізу, қаладағы қабырғалардағы есірткі орындарының мекен-жайы көрсетілген граффити жазуларын бояу, сонымен қатар, Жетісу облысы жастары арасында жүлдеқоры 1 000 000 теңге болатын «Денсаулық сақта» бейнероликтер байқауы және 300 000 теңгеден 10 шағын грант тағайындау жоспарлануда» - деп жобаның жоспарымен бөлісті.