Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жетісу облысының жастары нашақорлыққа қарсы!
Жаңалықтар

Жетісу облысының жастары нашақорлыққа қарсы!

30.09.2023
мин
0
270

Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жоғары жастар кеңесі» ҚБ «NarcoSTOP» жобасы аясында Жетісу облысы жастарына заманауи әдістер мен кейстерді пайдалана отырып, нашақорлықтың алдын алу бойынша «Өмірді мағынаға толтыру», «Мен денсаулығыма жауаптымын» тақырыптарында семинар-тренингтер өткізілді. Семинар Жетісу облысының 10 өңірінде, атап айтқанда Талдықорған, Балпық би, Үштөбе, Сарыөзек, Жаркент, Қарабұлақ, Текелі, Жансүгіров, Сарканд, Үшарал қалаларында ұйымдастырылды. Семинарға 400-ден астам жас қатысып, арнайы мамандардан көкейде жүрген сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының маманы қатысып, жастарға қылмыстық жауапкершілік, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы, оларға қарсы күрес жайлы сөз қозғады.

 «NarcoSTOP» жобасы аясында алдағы уақытта Жастарды репродуктивті денсаулығы туралы ақпараттандыру іс-шаралары, түрлі акция мен кездесулер жоспарда бар. Сондай-ақ, Жастар арасында синтетикалық есірткінің алдын алуға арналған 300 мың теңгеден 10 шағын грантты жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр.» - деді, «Жоғары жастар кеңесі» ҚБ төрағасы Жұлдыз Жақсыбай Әбілсейітқызы

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл