Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жұмыссыздарды тіркеу ережелері өзгерді
Жаңалықтар

Жұмыссыздарды тіркеу ережелері өзгерді

21.02.2022
1 мин
1
2578

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен жұмыс іздеушілерді, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізді.

Енді жұмыссыздар «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталына тіркеліп, жұмыс іздей алады.

Сонымен қатар, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге өтініш білдірген жұмыс іздеушілер келесі ресурстарға тіркеле алады:

  1. тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы;

  2. электрондық үкімет веб-порталы арқылы;

  3. мемлекеттік корпорация арқылы.

«Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталы немесе Халықты жұмыспен қамту орталығы белгіленген мерзім өткеннен кейін лайықты жұмыс таппаса немесе жұмыс іздеуші ұсынылған жұмыстан бас тартса, жұмыс іздеуші автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркеледі.

Ұсынылған құжаттардың немесе деректердің дұрыстығын анықтағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығы оларды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жұмыс іздеуші ретінде тіркейді және оған тіркеу туралы хабарлама береді.

Тіркеу туралы хабарламаны беруді халықты жұмыспен қамту орталығы жеке куәлікті, оның ішінде цифрлық құжаттама қызметінен көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырады.

Атап өткендей, өтініш беруші жұмыс іздеуші ретінде тіркелгені туралы хабарламаны ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алады.

Жұмыссыз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған жағдайда «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталындағы «жеке кабинетте» жұмысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш пен банктік шот нөмірін толтырады. 

Бұйрық 2022 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Д
Дауысов исламбек 22.02.2022
Отшыр жумыс қамтудағы
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл