Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қытай және АҚШ ғалымдары лас ауаның кесірінен жыл сайын 1 миллионға бала өлі туып жатыр дейді. Зерттеу қорытындысын олар Nature журналында жариялады деп хабарлады Dauletten.kz BBC хабарына сүйене отырып.
Басылымға сенсек, ғалымдар алғаш рет ауадағы микробөлшек мөлшері ұрыққа қалай әсер ететінін анықтаған.
Зерттеушілер 1998 жылдан 2016 жылға дейін төмен және орта табысты 54 елде туған 45 мың баланың дерегін тексеріп шыққан. Кейін олар бала өлі туған фактілердің 98%-ы Азия, Африка мен Латын Америкасындағы 137 елде тіркелген деген қорытындыға келді.
Ғалымдар ауадағы PM 2,5 (адам қанына кіре алатын микробөлшек мөлшері) бен ұрықтың өлімі арасындағы байналысты ғана зерттеген. Бірақ олар осы мөлшер ана ағзасы мен ұрыққа қалай кері әсер ететінін айтпаған.
Алайда кейінгі кезде кішкентай бөлшектер ананың өкпесінен ұрықжолдасқа (плацента) қалай баратынын көрсететін бірнеше зерттеу жасалған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рекомендациясына қарар болсақ, PM 2,5 бөлшектерінің жылдық орташа көрсеткіші бір метр кубта 5 мкг-дан аспауы керек. Осы зерттеуде дерегі есепке алынған әйелдер PM 2,5 мөлшері ДДСҰ айтқан мөлшерден асып кеткен елдерде тұрады екен.
«PM 2,5 мөлшерін ұйым айтқан мөлшерге дейін төмендетсек, балалардың өлі туын азайтар едік», – дейді зерттеуге қатысқан Пекин университетінің ғалымы Тао Юэ.
2020 жылы Unicef баяндамасында балалардың тумай жатып шетінеуін «бәрі көз жұма қарап отырған трагедия» деп атады.