Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында құс еті өндірілетін кәсіпорында өрт болып, бір адам қаза тапты. Оқиға Түймебаев ауылындағы құс өнімдерін шығаратын кәсіпорын аумағында орын алған, - деп хабарлайды Dauletten.kz Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 28 шілде күні Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылдық округіндегі кәсіпорын аумағында орналасқан асханадан өрт шыққан.
Оқиға орнына Алматы облысы мен Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқарушылары дереу жетті.
"Алғашқы бөлімшелер келген сәтте өрттің үлкен аумақты шарпығаны анықталды. Барлау барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметкерлері бір ер адамның денесін тапты", – деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.
Қызыл жалын шамамен 450 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт толығымен сөндіріліп, оның жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өртті сөндіру жұмыстарына Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері, №55065 әскери бөлімінің қызметкерлері, аудандық полиция, жедел жәрдем және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барлығы 42 адам мен 14 техника бірлігі жұмылдырылды.