465.74
537.23
5.62
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ертең жеті партия тікелей эфирде теледебат өткізеді
Жаңалықтар

Ертең жеті партия тікелей эфирде теледебат өткізеді

11.08.2026
мин
0
207
Сурет: ozgeris.info

12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді. Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері пікірталас алаңына шығады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанның саяси өмірінде жаңа форматтағы пікірталас ұйымдастырылмақ. Бұл жолы партия өкілдері жеке емес, командалық құрамда сынға түседі.

Теледебаттың негізгі тақырыбы – «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі». Тікелей эфирге бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысып жатқан жеті саяси партияның өкілдері шығады.

Дебатқа қатысатын командалар:

  • «Әділет» партиясы – Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
  • ЖСДП – Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;
  • «Байтақ» партиясы – Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;
  • Қазақстан Халық партиясы – Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;
  • «Ауыл» партиясы – Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;
  • «Ақ жол» партиясы – Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;
  • Respublica партиясы – Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.

Пікірталас барысында қатысушылар өз бағдарламаларының басымдықтарын түсіндіріп, сайлаушылардың сеніміне ие болуға тырысады. Ұйымдастырушылар эфирде тек дайындалған сұрақтар ғана емес, көрермендерден тікелей түсетін сауалдар да қойылатынын хабарлады.

Бағдарламада партиялардың сайлауалды бастамаларына салыстырмалы талдау жасалып, олардың әлсіз және күшті тұстары талқыланады. Сонымен бірге әр партия өз өкілеттік мерзімінде жүзеге асыруға міндеттенетін бір нақты уәдесін жариялайды.

Көрермендер пікірталасқа экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы қатысып, өз сұрақтарын жолдай алады.

Теледебат аяқталған соң эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы көрсетіледі. Онда сарапшылар пікірталастың мазмұнын, қатысушылардың аргументтерін және бұл форматтың сайлау науқанына ықпалын талдайды.

Жаңа форматтағы алғашқы командалық теледебатты 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасынан және арнаның ресми YouTube платформасынан көруге болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл