Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда алаяқтардың call-орталығы жойылды
Жаңалықтар

Алматыда алаяқтардың call-орталығы жойылды

25.01.2025
мин
0
447
Сурет: Polisia.kz

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті алаяқтық схеманы ұйымдастырушылар мен оған қатысы бар адамдарды анықтап, жолын кесу  бойынша жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ІІМ-нің мәліметіне сүйенсек, Алматыда полиция қызметкерлері сall-орталықты жойды.

Күдіктілер көрші мемлекеттің азаматтарын криптовалюта мен қор нарығына инвестиция салуға шақырып, алдаумен айналысқан. 24 күдікті ұсталды, олардың бесеуі шетелдік азаматтар. Кеңседе 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, әртүрлі нұсқаулар жазылған блокноттар табылып, тәркіленді.

- Call-орталық жұмысшыларының міндетіне крипто-инвестиция салғысы келетін адамдарды іздеп,  оларды алдап-арбаумен айналысу кірген. Ауыспалы нөмірлер арқылы жәбірленушілермен байланыс орнатылып, кейін оларға фишингтік сайттарға сілтемелер жіберілген. Осылайша адамдар туралы дербес деректер жиналған. Одан соң алаяқтардың ықпалымен азаматтар өз қаражаттарын крипто-әмияндарға жіберген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергелуде. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қаныш Ашжанов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл