Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әмияныңыздағы ақша шын ба?
Қаржылық сауат

Әмияныңыздағы ақша шын ба?

14.06.2020
2 мин
5
6593

Әмияныңызға ақшаны салмас бұрын әуелі ақшаның түпнұсқа немесе жалған ақша екенін қарап алу есіңізде болсын. Себебі соңғы кезде жалған ақша жасаушылар көбейген. Қолдан ақша жасаушылар көбінесе айналымдағы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттарды жасайды. Алаяқтардың құрығына түсіп қалмас үшін сіздерге ұлттық валютамызды оңай ажырату жолдарын ұсынамыз.

Біріншіден, қолыңызбен ақшаны ұстап, сипап көру керек. Қағаз банкнотты ұстағанда шытырлаған дыбысы болады. Банкнотта арнайы мөр басылған. Бұл бедерде «Қазақ елі» монументі, банкнот номиналы арнайы әріппен жазылған, ерекше архитектуралық бейне, Қазақстан картасы және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазуды көруге болады. Ұлттық валютамыздың бәрінде саусақпен сипағанда сезінетін, көру қабілеті нашар жандарға арналған бедерлі элементтер бар. Дәл осы зағип жандарға арналған бедерлер көп жағдайда жалған ақшада болмайды.

Екіншіден, ақшаны тексеру үшін мұқият қараңыз. Яғни, ақшада көрсетілген бейнелерге және оның түсінің қанықтығына аса мән берген жөн. Банкноттағы барлық таңба мен әріптерді анығырақ көру үшін жарық түсіріңіз. Жалған ақшаны жарыққа тосқанда барлық бейне анық көрінбейді және таңбалар бұлыңғыр болады.

Келесі қадам – банкнотты аударып қарау. 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттарда түсі өзгеретін бейнелер бар. Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде бейнелердің түсі жасыл түстен алтынға өзгереді. Номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттардың сырт жағында голографиялық жолақ орналасқан. Голограммадағы кескіндер жылтырайды және динамикалық әсер береді.

Есте сақтаңыз:

  • Ақша бояулары қанық болу керек;
  • Банкнот таңбалары айқын көріну керек;
  • Тұтас магнитті үзік жіпке назар аударыңыз. Сырт көзге үзік-үзік сызық болып көрінгенімен жарық түсіргенде, біртұтас екені әрі бетіндегі жазулары анық байқала бастайды.

Егер осы белгілердің барлығы болса, онда ол нағыз банкнот болып саналады. Қазақстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес, жалған ақша жасап, оны өткізумен айналысқан тұлғалардың мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Бірақ заң қанша қатал болғанымен, қолдан ақша жасаушылардың қарасы азаяр емес.

Назерке БАЙЖАН

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
А
Ақсамал 14.06.2020
Өте құнды ақпарат, білуіміз керек жалпы білмейміз го айыра да алмаймызғо. Рахмееет
Жауап беру
Г
Гулсим 14.06.2020
Ия білмеимізгои алып кете береміз есте болсын
Жауап беру
Г
Гулсим 14.06.2020
Ия білмеимізгои алып кете береміз есте болсын
Жауап беру
Г
Гулсим 14.06.2020
Ия білмеимізгои алып кете береміз есте болсын
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл