Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Ауыл» партиясынан 8 мандат Мәжіліске енді
Жаңалықтар

«Ауыл» партиясынан 8 мандат Мәжіліске енді

28.03.2023
2 мин
0
716

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Мәжіліс депутаттары тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 27 наурызда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесінің Президиум отырысы өткен. Жиында ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы нәтижесі бойынша анықталған 8 депутаттық мандат иелері бекітілген.

Мәжіліске енген депуттардың тізімі төмендегідей:

Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары, Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы;

Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – партия мүшесі, ауыл шаруашылығы, ақпарат және қоғамдық даму экс вице-министрі;

Абден Қарақат Жақсылыққызы – партия мүшесі, «Қазақ қызы» ҚБ президенті (әйелдер квотасына сәйкес);

Баққожаев Анас Ахатұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары;

Саурықов Ерболат Байұзақұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП Жамбыл облысындағы өңірлік филиалының төрағасы, Ш.Мұртаза ат. Тараз халықаралық инновация институтының президенті;

Арсютин Николай Геннадьевич – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары;

Зейнуллин Аян Талғатұлы – партия мүшесі, «СПК Астана» ӨК өндіріс бойынша директоры (жастар квотасына сәйкес);

Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлы – партия мүшесі, С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам мүшелерінің квотасына сәйкес).

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясының қорытындысымен «Ауыл» партиясынан Мәжіліске 8 мандат берілген болатын.

Фото: tengrinews.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
129
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл