Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әйелдің қандай әдеттері күйеуінің қаржылық өсуіне кедергі келтіреді?
Маман пікірі

Әйелдің қандай әдеттері күйеуінің қаржылық өсуіне кедергі келтіреді?

08.09.2020
1 мин
159
91101

Қазақта ежелден ер адам – үйінің асыраушысы. Ал оның биік белестерді бағындырып, қаржылық дамуы көп жағдайда жанындағы жарына байланысты. Өйткені әйел – ерін жаңа жетістіктерге жетуге шабыттандырушы.

Бірақ арамызда күйеуінің дамуына кедергі келтіретін әйелдердің де бары рас. Оған себеп – әйелдің жағымсыз психологиялық әдеттері. Осы турасында  белгілі психолог Марал Сарбасқызымен кеңесе отырып әйелдердің көпшілігіне тән психологиялық әдеттер жинақталған типтерді анықтап, назарыңызға ұсынып отырмыз. Ал қандай да бір типке жатып-жатпайтыныңызды саралап, сабақ алу немесе алмау сіздің еншіңізде.    

Ішкі қорқынышы бар әйел. Ондай әйел жаңа дүниеден қорқу арқылы өзі соны аңдамастан күйеуінің жетістікке жету жолын бөгейді. Мысалы, күйеуі жұмысын ауыстырғысы келсе немесе бизнес бастауды ойға алса, әртүрлі себептерді алға тартып, оны ойынан айнытады. Ондай әйелдер күйеуіне қорқыныш пен үмітсіздік сезімін ұялатады. Уақыт өте келе ер адам да қаржылық жағдайдың нашарлауынан қорқып, батыл қадамдар жасай алмай қалады. Себебі қорқыныш жаңа дүниені байқап көруге, тәуекел етуге, жетекші қызметтерге орналасуға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде, ер адамның дамуы тоқтап, өмір бойы бір қызметке байланып қалуы мүмкін.        

Әсіре үнемшіл әйел. Кейбір әйелдер барлық нәрседен үнем іздеп тұрады немесе ештеңеге ақшасын жаратқысы келмейді. Оның бірінші себебі сараңдық болуы мүмкін, бірақ әйел өзін үнемшілмін деп ойлайды. Екінші себеп – ертеңгі күннен қорқыныш. Яғни егер ақшаны бір нәрсеге жұмсаса, ертең ақшадан тарығып қаламын деп қорқу. Бұл мәселеде алдымен ішіңізге үңіліп, қай топқа жататыныңызды ажыратып алу маңызды. Сонымен қатар, жақсы киім алмай, азық-түлік алатын ақшаны да үнемдеп, күйеуіңізді бәрі жеткілікті деп сендіру де дұрыс емес екенін ескергеніңіз жөн. Сіз ол әрекетіңізбен күйеуіңізді қолдап, көтермелегіңіз келсе де, отағасына бәрі жеткілікті болып көрініп, табысын арттыру жолдарын іздемей қоюы мүмкін.

Түйінді шешу үшін күйеуіңізден мүмкін еместі сұрап, ақшаны ойланбай шашудың да қажеті жоқ. Жай ғана реті келгенде әдемі көйлек сатып әперуін қалайтыныңызды немесе косметологқа барғыңыз келетінін білдіруге болады.

Бәрін өздігінен жасауға ұмтылатын әйел. Әйелдің ауырлықты өз мойнына артып, барлығын өздігінен жасауға ұмтылуының астарында көп жағдайда сенбеушілік жатады. Оған әйелдің күйеуіне не баласына бір істі сеніп тапсыра алмауы мысал.

Әйелдің бар ауыртпашылықты өз мойнына артуының тағы бір себебі – міндеттерді бөле білмеуі немесе бөлуді қажет деп таппауы. Мысалы, бірінші топқа «сіз азық-түлікке барыңыз, ал мен үй жинайын» деп міндеттерді күйеуімен өзара бөлісе алмайтын әйелді жатқызсақ, екінші топқа міндеттерді бөлуді қажет деп таппай, барлығына өзім үлгерем деген әйелді жатқызамыз. Ол осы әрекетімен күйеуінен мақтау естуге ұмтылуы мүмкін. Ал біреуге ұнауға, әлдекімнің мақтанышы болуға тырысудың астарында көбіне өзін бағалау деңгейінің төмендігі және өз іс-әрекетіне қанағаттанбау жатады. Оған қоса, ондай әйелдер күйеуіне өз потенциалын көрсетуге мүмкіндік бермейді. Сәйкесінше, еркекте қаржылық өсу де болмайды.

Әйелдің күйеуіне беретін мотивациясы ерінің жаны мен тәніне тыныштық сыйлап, оны өзінің ой-өрісі, сөйлеу мәнері, мәдениеті, сырт келбеті және іс-әрекетімен шабыттандырып, ынталандырудан және кей кезде ғана бағыттаудан құралатынын ұмытпау керек.              

Қандай жағдайда да ерін ақтап алатын әйел. Кейбір нәзік жандылар күйеуінің барлық сәтсіздіктерін ақтап алуға бейім тұрады. Оның себебі – ерінің қателігін көргісі келмеуі. Өйткені күйеуінің қателігін көріп, түсініп, қабылдаған уақытта әйел өзін жайсыз сезінеді. Сондықтан бұл жағдайды қабылдамас үшін әртүрлі ақтап алу формаларын ойлап табады. Оның бірі – басқаларды кінәләу. Мысалы, күйеуінің жұмыстағы сәтсіздігі үшін басшысына немесе күйеуінің қызметте өсуіне жәрдем бермеген туыстарына айып тағады. Бірақ бұл әрекет мәселені шешуге көмектеспейді. Себебі әйел ер азаматына жағдайды дұрыс бағамдап, оның түйінін анықтау арқылы мәселені шешу жолдарын табуына мүмкіндік бермейді. Ондай әйел үнемі өзін де, күйеуін де алдап жүреді. Уақыт өте келе күйеуі де барлығы оған емес, сыртқы факторларға байланысты деп ойлап, күресуді доғарады.

Күйеуін жазғыра беруге әдеттенген әйел. Ерін жазғырып, кінәләй беретін әйелдің бойында бірінші кезекте өзіне деген сенімсіздік бар. Ол қандай да мәселені өзі шеше алмайды немесе шешкісі келмейді. Нәтижесінде, өз эмоциясын күйеуіне шығарып, оны айыптап, сәтсіздіктерін бетіне басып, ауыр сөздер айтады. Мұндай әйел күйеуінің табысын арттыруға деген құлшынысын тоқтатып қана қоймай, ерте ме, кеш пе ерінің оған деген сенімін өшіріп, сезімін суытады. Ұрыс кезінде айтылған сөздер ұмыт болуы мүмкін. Бірақ сол сөздер айтылған уақытта адамның басынан кешкен эмоциясы ұмытылмайды. Яғни жағымсыз эмоцияны жиі сезінетін ер азамат бейсаналы түрде сондай эмоцияның тууына себепші әйелден алыстай береді.   

Кез келген ер адамға әйелінен шынайы мақтау есту, әйелінің оған деген сенімін, қолдауы мен махаббатын сезіну маңызды. Өйткені бұл оған ең биік белестерді бағындыруға күш береді.

 

Жансая ҚАМБАР

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
159 Пікір
А
Айнакул 10.10.2021
Сәуле ханым дұрыс айтады менің күйеуімде тура сондай
Жауап беру
Д
Дарига 10.10.2021
Актауга болмайды, жазгыруга болмайды....
Жауап беру
С
Сауле 28.05.2021
Күйеуді тәрбиелеу негізінен өскен орта, ата анаға да байланысты. Ұяда не көрсе ұшқанда соны істейді. Менің қайын атам балдарын бір жұмысқа тұрып ал, сол саған жетеді, денсаулығыңды күт, біреуге артық сөйлеме,, үйде жейтін наның болса болды деп үйреткен .мінеки 50-ден асты, қарауыл айлығы 40000 т , балдары өсті, әрекеті жоқ, біреуді мысал қылсақ та қимылдамайды. Құдайға шүкір жейтін нанымыз бар. Айтсаң ашумен жеңеді . Әке шешесі бар, әлі соларды тыңдайды. Мен қанша істеп әрекет етсемде қу дүние жетпейді. Бір зат алсам, менің сыйлығым деп жолдастарына мақтанады. Мен де шаршадым.
Жауап беру
М
Мөлдір 10.12.2022
тура сондай , толықтай келісем тәрбиеге де байланысты , менің де қайын аиам мүлде жұмс істемейді ,бар болса истеп жоқ болса жата беретін адам. қазір күйеуім соны қайталап келе жатр , алға жетелеп шаршадым
Жауап беру
Т
Толкын 10.10.2021
Сіздің жасыңыз нешеде?
Жауап беру
Қ
Қопаргүл 27.04.2021
Дұрыс жазылған
Жауап беру
Г
Гульмира 25.04.2021
Ер адамда бар көнбитін не өзі істемейді и әйеліне істетпиді.Ақшаны шашып жүретін и өзі үй жалдап жүретін.байдың рөлінің ойнайтын еркектерді көріп естіп жүрміз достарымыздың арасында
Жауап беру
С
Сәбина 27.04.2021
Өте дұрыс. Тек өзім деп өмір сүреді. Ондай адамдар тапқанын жанының рахатына жұмсайды.
Жауап беру
Г
Гульмира 25.04.2021
Шукірміз Алланың берген нәсібесімен өсіп өніп жатырмыз. Күйеуіме үй салуға и сала алатынын күш қуат,қолдау беріп сенімін арттырғанмын. Оны менде сезіндім үйіміз біткесін. Қазір екінші үй алды Аллаға шукір.
Жауап беру
м
мадина 24.04.2021
я дұрыс айтылған бірақ кейбір ерлер алтындай әйелдерін бағалауды білмейді.солар жайлы да бармекен
Жауап беру
А
Ақмарал 23.04.2021
Дұрыс жазылған
Жауап беру
М
Меруерт 23.04.2021
Барлыгын оз мойныма алганымды дурыс деп есептемеймин
Жауап беру
Г
Гүлім 23.04.2021
Күйеуің басқа әйелдермен тел арқылы сөйлесіп жүрсе сондада ашуланбау керекпа
Жауап беру
Г
Гүли 23.04.2021
Баяғы да әкеміздің қалтасында үнемі бір бума ақша жүретін, мал мен айналысатын кез келген жерде қалтасынан суырып ақша алып шығатын . Ал қазір күйеуімді мүлдем түсінбеймін. Айлық табысы жақсы болса да карточкасында екі күннен артық ақша тұрмайды , салып жібереді ондай еркектерге не істеуге болады . Сенім артып та көрдім сенбей де көрдім. Ондай еркекте қаржылық өсуге көп кедергі жасайды өзіне де өзгеге де
Жауап беру
С
Салтанат 23.04.2021
Бізді магазинге бару , үй жинау, тамақ әйелдің міндеті деп үйреткен. Это норма деп есептейді еркекетер.
Жауап беру
Г
Гүлнұр 22.04.2021
Өте дұрыс айтылған .Алысқа бармай ақ айналамдағы әйелдерді кейбір жерінде өзімді көргендей болдым оқып отырғанда .рақмет дөп басып айтқандай болды
Жауап беру
А
Асель 22.04.2021
Шайнамаңызшы дегім келеді
Жауап беру
М
Макпал 22.04.2021
Айел затына оте киын екен. Маман пикири унады. Ер азаматтаргада осындай пикирлер керек .
Жауап беру
З
Замира 22.04.2021
Неге осы отбасында тек әйелдер кінәлі қылып қояды екен, еркектердің көбі демеймін, бірақ еркектердің ішінде еркек атауына лайвқты емес тер де кездеседіғой, мысалдарды оқыдым, ия көп нарсе әйелге байланысты екенін білемін. Бірақ қандай да бір сәтсіздіктің артында әйелді кіналау меніңше дұрыс емес
Жауап беру
М
Мөлдір 26.04.2021
Сіздің ойыңызбен келісем
Жауап беру
М
Мөлдір 26.04.2021
Сол маманның пікірі дурыстап шығар, солай жасауға, айтуға ерадамы итермелеп тұрсада, үндеми отыру керекпе? Неге тек кана әйелге катысты деп еркектерді шалкайтып коямыз. Ер адам өз жауапкершілігін тусинбесе сондада үндеми сактап отыра беруіміз керекпе?
Жауап беру
Г
Гүлім 23.04.2021
Қосыламын сөзіңізге
Жауап беру
Г
Гүлім 23.04.2021
Қосыламын сөзіңізге
Жауап беру
Қ
Қазына 22.04.2021
Мынаның төртеуіде бар ғой менде
Жауап беру
С
Самал 22.04.2021
Мени ешкашанда тындамай оздигимен журеди. Сондыктан маганда барибир ештене айтпаймын. Ози билгенин истеп дуреди
Жауап беру
Ш
Шахсанам 22.04.2021
Менде барлыгы бар екен тек "куйеуин актап алатын айел" дегени жок
Жауап беру
М
Мөлдір 22.04.2021
Келісемін керемет ұсыныс маған осындай жер берсе алма,шие ағашын отырғызып кәсіп қылар едім,ер ащаматымның осы аоманына қол жеткізер едік
Жауап беру
Ш
Шырын 22.04.2021
Мен бәрін өзі орындауға ұмтылатын, күйеуге сенбей оны үнемі кіналайтын , короче екі топқа кіреді екенмін
Жауап беру
Р
Рахима 22.04.2021
Автор өте дурыс айттыныз 100% қосыламын еркекке биз әйеллер қанат береміз мен өз қмірімнен алған қортындым әуелі Аллах әрине
Жауап беру
Г
Гүлмира 22.04.2021
Мен үшінші типтегі адамға жатам ау
Жауап беру
Ж
Жазира 22.04.2021
Сонда қандай әйел болу керек, байың миллионер болу үшін ?
Жауап беру
Ж
Жанна 22.04.2021
Оттаған пікірлер, авторға қуа бермесін де
Жауап беру
Б
Бек 22.04.2021
Мундай болжамдармен мулдем келіспеймін барлығы бір АЛЛАның құзырында. Калғандары шалалу, далбаса
Жауап беру
М
Майгул 22.04.2021
бармын ішінде☺
Жауап беру
Ж
Жанна 22.04.2021
Мен күйеумды жазғыра беретынмын. Енді дұрсталу керек екен
Жауап беру
Н
Нурка 22.04.2021
Бар екенмін арасында
Жауап беру
Х
Хамида 22.04.2021
Ішкі қорқынышы бар әйелмін расында да,магазин ашайықшы деген кеше күйеуім оооой қойшы оны ашу үшін ақша керек банкрот болсақше деп бас иарттым
Жауап беру
Р
Рахиля 22.04.2021
Мениң жолдасым барлык заттың барин өзи әкелетин казир барлығын өзим әкелем
Жауап беру
Г
Гул 22.04.2021
Кей жерлерінде мен жүр екем, қатемді түзеймін
Жауап беру
А
Айгерим 22.04.2021
Мен жолдасымды мақтаймын да, көтерілуіне де қарсы емеспін. Бір жыл болды жұмыссыз. Үйде де жатпайды. Не бітіріп келеді ұқпаймын да.
Жауап беру
Д
Динара 22.04.2021
Осының бәрі менде қарама қарсы, бірақ түк шықпайды.
Жауап беру
Т
Тілеужан 22.04.2021
салыстырып отырмын. Ойланып қарасам, қарым қатынастың нәзік жері. Жұмыста әріптестерім әңгіме барысында күйеулерін жамандап жатады, маған күйеуіңді жамандағаныңды көрмеппіз дейді. Біз үйленгенде тұрақты жұмысы болмай бір кедергілер дайын тұратын. Бір кішкентай жетістігі болса мысалы таксовать етіп жүріп нан сүт әкелсе қуанып, мақтайтынмын. Біртіндеп жұмысы тұрақталады. Табысы көбейді. Қаз күйеуім өзіне сенімді еңсесі тік жүзі жарқын. Жоғарыда айтылғандар өте жақсы дәл айтылған екен. Күйеуімді анама да енеме де жамандамаймын. Дұрыс бағытта екенмін ғой.
Жауап беру
З
Зулья 22.04.2021
Әртүрлі психологтар коучтарды тыңдайберіп әбден шатасып кеттім мен бәріне әел кінәлі бәрін әел жасау керек отбасының тыныштығына еркектің көтерілуіне баланың болашағына кей кезде әел болып туғаныма өкініп кетемше
Жауап беру
Г
Г 22.04.2021
Ия, бәріне әйелді кіналайды.
Жауап беру
Т
Тілеужан 22.04.2021
салыстырып отырмын. Ойланып қарасам, қарым қатынастың нәзік жері. Жұмыста әріптестерім әңгіме барысында күйеулерін жамандап жатады, маған күйеуіңді жамандағаныңды көрмеппіз дейді.
Жауап беру
А
Акбота 22.04.2021
Жоғарыда айтылған сөздерге келісемін
Жауап беру
Б
Баги 22.04.2021
Жауапкершилиги болмаса еркекти канша жерден колдап колпаштасанда бари бос аурешилик екенине козим жетти.
Жауап беру
К
Камажай 23.04.2021
Дұрыс айтасыз, ар адамның санасында болу кажет деп санаймын
Жауап беру
А
Айжан 22.04.2021
Бар мәселе тек қана әйелге байланысты емес қой. Ең бастысы қорытынды шығарып,сабақ ала білу керек
Жауап беру
А
Айгүл 18.03.2021
Өзінді ойы мен жоспары, жауапкершілігі жоқ болса, оның несі азамат. Әйелге қарааааап аузын ашып отырса... Скорее всего ондай қасиет еркекте ЖОҚ дегег сөз. Өз ойым
Жауап беру
А
Айгүл 18.03.2021
Біреудің қалыптасып, бітіп кеткен төбеттей ұлын басқа біреу өзгертеді, болмаса, бай немесе кедей етеді деген не әңгіме? Ол еркектің бойында табыс тауып, кәсіп ашу болмаса, оған әйел қалай әсер етсін. Әйел жер бетіндегі періште дерсің. Еркек сондай етіп өсірген тәрбиесін айту керек. Қазақ әйелін жүнше түтіп, кінә арта бергенді қою керек. Небір ер- азаматтар бар түкке тұрғысыз әйелден ханшацым жасап отырған. Еркектің қанында, бойында ЖОҚ қасиетті әйел қайдан тапсын, құдды бір құдырет иесіне ұқсатып. Хмх
Жауап беру
22.04.2021
Дұрыс айтасыз
Жауап беру
Ж
ЖАД 22.04.2021
сонайтам, келисемин сизбен
Жауап беру
А
Асеке басеке 22.04.2021
Тура айттыныз! Келисемин
Жауап беру
З
Зарина 22.04.2021
Сизге косыламын
Жауап беру
А
Айгуль 18.03.2021
Мен жоғарыда жазылғанмен толықтай келісемін. Қайта маған өзімді өзгертуге және қателерімді мойындауға үлкен көмек болды.
Жауап беру
С
Сапура 18.03.2021
Оте орынды аитылган создер екен рахмет сыздерге
Жауап беру
К
Катя 18.03.2021
Еркек табыс тауып,бала шағасын асыраушы екенін сеззе,міндетін білсе екен.Әйелдің мойынына мініп алып отырған еркекке қандай қолдау керек?
Жауап беру
А
Аккуару 18.03.2021
Маган срочно психологка бару керек.
Жауап беру
С
Салтанат 06.11.2020
Озімнің коп жерде кате жибергенімді білдім оте керемет .рахмеет ,кателикті дурыстау керек екен
Жауап беру
Р
Рая 17.10.2020
Өте дұрыс айтылған, біздің семьяда осының бәрі бар. Негізі Даулет екеуміщдің ойымыз көбіне бір жерден шығады..
Жауап беру
Н
Нұршан 29.09.2020
Расында ойланатын маңызды маселелер екен, ішінде өзімде бар екем, өзгертуге тырысам.
Жауап беру
Г
Гули 19.09.2020
Мына айтылғандар бізде керісінше екен, мен емес осының бәрін менің күйеуім жасайды екен, таң қалып отырмын.
Жауап беру
А
Ануш 18.09.2020
Шыныменде келеди екен. Енди ондай кателиктер жибермеуге тырысам.
Жауап беру
Ж
Жанна 15.09.2020
Ешқайсысы маған келмейді!!!
Жауап беру
А
Асель 14.09.2020
Менде еш қайсысы жоқ. Еркек деген ел қорғайтын болу керек. Сондықтанда əйел тек бақылаушы болу керек менім ойымша.
Жауап беру
Б
Бота 13.09.2020
Мынаны окып коп жерден озимди кордим. Тузелем енди
Жауап беру
Ж
Жанат 13.09.2020
Жақсы ақпарат ішінен өзімді танып ұялып қалдымгой.
Жауап беру
Г
Гульжан 11.09.2020
Жолдасыма көп қолпаштау білдіремін. Психология жағынан менің қателігім көп екен
Жауап беру
А
Айнур 10.09.2020
Қазақ тілінде буын үндестігі деген фонетикалық заңдылық бар. "Тип" деген сөзде жіңішке дауысты дыбыс "и" әрпі болғандықтан, ол сөзге жалғанатын жалғау да жіңішке дыбысты болады. Яғни, "типтар" емес, "типтер" деуіміз керек. Көпшілікке жазып отырғандықтан көпшілік үшін тәрбие құралын ұстап отқандықтан халықтың сауатының артуына немесе керісінше болуына жауапты екендіктеріңізді ешқашан ұмытпағайсыздар, құрметті қалам ұстаған әлеумет!
Жауап беру
Р
Райхан 11.09.2020
Өзіңіз отырғандықтан деген сөздің әріптерін түгел жазбай,отқандықтан деп қойыпсыз.
Жауап беру
Г
Гульмира 10.09.2020
Керемет ақпарат
Жауап беру
К
Кундыз 10.09.2020
10 жыл бiргемiз үй болгасын жолдасымның кателiгi болады озiмдiкiде болады катетлiктер бiр бiрiмiздi түсiнiсiп шаруа шешемiз Шүкiр осы күнiме
Жауап беру
Р
Рысжан 10.09.2020
Менде бәрі жақсы, қосылғанымызға биыл 12 жыл болд, бір бірімізді сыилап жүреміз АЛЛА ға шүкір
Жауап беру
З
Злиха 09.09.2020
Керемет ақпарат алдым рақмет
Жауап беру
А
Арайлым 09.09.2020
Мынаның алғашқы үшеуі 100% менде бар. 10 жылға тақап қалды,әлі күнге дейін кез келген проблеманы шешіп келем. Кейде не істер екен деп " тойға беретін ақша жоқ" или " квартираға төлейтін ақша жоқ табасың ба" деп сұрасаң, ыршып түседі, шок болады ғой " мен қайдан алам" деп. Сонда айтам " менде бар бауыр сенде де ба, менде бар әке-шеше сенде де бар,сұрасай" десең,сұрамастан " оларда жоқ" дей салады ғой. Сондағы түсінгенім, біреуден бірдеңе сұрағанға сасық көкірегі жібермейді ғой. Кезінде шешем " ешкімге тәуелді болма,қайта саған тәуелді бол сын. Жұмыс істеп отырсың,қалтаңда ақшаң бар, бәрін өзің төле" деп еді, міне,енді соның "жемісін жеп"отырмын
Жауап беру
Б
Бейімбет 09.09.2020
Осыны мойындай білсе ғой!
Жауап беру
Ж
Жұлдызай 09.09.2020
Бәрін өздігінен жасауға ұмтылатын ійелдер қатарына жатады екенмін. Оның дұрыс еместігін әлдеқашан түсінгенмін. Қазір ақырындап күйеуіме жүктеп үйреніп жатырмын.
Жауап беру
А
Ана 09.09.2020
Кандай жагдайдада ерин актап алатынга жатады екенсин.кандай жагдай болмасын колдап отырамын .онын дурыс еместигин билмеппин.кеше 18жыл истеген жумысынан шыккысы келетин айтканда ойланып калдым .буган мен себепкер болгандаймын .
Жауап беру
Г
Гулжан 09.09.2020
Өте дурыс айтылған. Мен асыра унемшіл әйеге жатады екенмін.
Жауап беру
М
Мөлдір 09.09.2020
Йя, керемет айтылған келсем, кейбір іс -әрекет өз бойымдада кездесіп жатады! Күзетуге тырысам....
Жауап беру
М
Меруерт 09.09.2020
Керемет осындай пайдалы кеңестерді салып тұрсаңыз
Жауап беру
А
Ақжарқын 09.09.2020
Өте жақсы айтылған. Әрине Біздің үйде ер адам алда, мен жұмыс істеймін қанша тапсамда екеумізге ортақ. Басынан солай қалыптастық.
Жауап беру
М
Мамура 09.09.2020
Керемет менде сөлай ойлаймын
Жауап беру
д
динара 09.09.2020
ұнады, осындай психологиялық жағынан пайдалы ақпаратты с алып тұр,админ.
Жауап беру
А
Айгерим 08.09.2020
Менің күйеуіме Менiң ықпалым емес, психолог керек. Кедей санамен кедейлікке жетеді. Күйеу қаржылай жетистикке жету ушин озимде и ацелиде бай саналы яғни санасы байлыққа жеткизетин сана болу керек, әйтпесе бәрі құр бос. Сиздин куделикте айтқандай Қаржылық бостандық болмаса, басқа бостандықта жоқ.
Жауап беру
А
Айгерим 08.09.2020
Мен озимди таппадым. Күйеун жазгыратын дегенде, менин куйеум азартник. Сондықтан иа болады арасында ози жетпей жаткан ақшаны ставка ға тигип калса, сөйлемей қайтейін. Букил шаруаны озиме алайын мойыныма атайын дегени және жоқ. Ешким жасама а, енем солай барин ози истеп үйретип қойса, амал жоқ жасаймын
Жауап беру
Г
Гулсара 08.09.2020
Мен келісемін дурыс айтылган. Мен кайсысына жататынымды билмеймин ойткені уйдин акшасы куйеу екеумиздин колымызда емес. Бирак мен озгерис алга даму болганын калаймын. Куйеум несие алып машина алайын ба десе иа сойтейк деп айтам бирак биздики жай киял барин ата енем шешеді
Жауап беру
А
Анар 08.09.2020
Өте керемет айтылған еркектің аты еркек демекші Ер азаматымыз мықты табысты болуға біз себекер болуымыз керек осындай ақыл кеңестеріңізге рахмет !
Жауап беру
Ш
Шолпан 08.09.2020
Менде куйеуім баска жұмысқа ауысам дегенде жылы орныңды суытып каитесің жүре берші дегенмін. Бірак куйеуім тыңдамаи маган аитпаи ауыстым бүгін деп бір айтты бірак Аллаға шүкір содан кеиін табысы осіп жұмыста өзін жаксы сезініп жүр. Өзімнің сол тұсымды оқып өзімді кінәлі сезініп отырмын. Еркек шешімді дұрыс кабылдағаны жақсы. Куйеуіме Алла разы болсын шүкір барлык кажеттілігімізді алып беріп жинаитынын жинап баратын жерге барғызып жүргеніне.
Жауап беру
Э
Эльмира 08.09.2020
Өте керемет жазылған, ой саларлық екен!
Жауап беру
Г
Гулзада 08.09.2020
Жыгытым акша жаксы табады .Алайда акшага катты сурасам зорга береды кыйналып .оганда уйренеды екенсын берсе аламыз алатын затымызды бермесе коямыз ,кейде ашуланам катты содан сон береды .от басы болган сон айтканымен журемыз урыс жанжал шыкпасын деп айтканына конемыз.
Жауап беру
К
Карлыгаш 08.09.2020
Кейінгі кезде үнемшілдік әдет көбейіп барады, ақшамды өзіме қимаймын........
Жауап беру
М
Маржан 08.09.2020
Ия дұрыс екен, менде кейбірі кездеседі, енді ес жиып түсіндім ғой
Жауап беру
Н
Назира 08.09.2020
оте дурыс аитылган
Жауап беру
А
Айша 08.09.2020
Құдайға шүкір ешқайсысына жатпаймын))бірақ бәріне үлгергісі келетін әйелге келіңкірейтін сиақтымын...
Жауап беру
Э
Эльза 08.09.2020
Психологине казын кумасынде
Жауап беру
Ш
Шшшш 08.09.2020
Соңғы санатқа жатамын 100%
Жауап беру
А
Айгерим 08.09.2020
Акша калай табылады , сонша жумсалады бизде ,кмысалы алдын орташа тапканда орташа багада издесек , кеин коп тапканда сол заттын кымбатын издеймиз , себеби канша тансан сонша жаратылады)))
Жауап беру
Ж
Жанна 08.09.2020
өзім табам, үнемдейм, қалай жаратсамда өз еркім, себебі жалғыз басты Анамын
Жауап беру
Д
Динара 08.09.2020
Ақша тапқан сайын жетпейді оның түбіне ешкім жетпеген ең бастысы ауырмайық
Жауап беру
М
Маншук 08.09.2020
Күйеуімнің əкелген табысына Аллаһтан берекесін бер деп тілеп,жолдасыммен бірге ойласып жұмсаймыз,көбіне жолдасымды тыңдаймын.
Жауап беру
А
Алма 08.09.2020
Негізі маған еш сай келмеді,менде қорқу,ақшаны үнемдеу,күйеімді ақтау,жаман жағын көргім келмей,өтірік алдап,бәреуден көру деген ешкайсысы да жок.бірақ эмоция бар,қателігін бірден айтам,дұрысын дұрыс,дұрыс емес депте айта аламын.жауапкершілікті мойныма алмаймын,бірақ сондада күреп тауып жатқан табысы жоқ,өзінен артылмайды тапқаны.еш келісе алмадым бұл психалогияға.бірақ сондада
Жауап беру
Н
Нурзия 08.09.2020
Әйел адам жұмсаса да жаман, дұрыс жұмсамаса да жаман, кім ақшаны жұмсады дегенде ылғи да әйел адам ғана жұмсайды деп есептейді. Ер адам қанша ақша жұмсаса да жақсы болып тұрады.
Жауап беру
Г
Гульзада 08.09.2020
Куеуым акша жаксы табады Аллага шукыр .
Жауап беру
Ж
Жамал 08.09.2020
Керемет, барлыгы 1 Алла жене әйелде...
Жауап беру
G
Gulsara 08.09.2020
Kelispeim
Жауап беру
А
Ақмарал 08.09.2020
Мен ешқайссына жатпайды екенмін. Тек алға деп отырады екенмін. Сосын әйел адамдар еркектін алдын кескестеп, олай істеме, бұлай істеме деген дұрыс емес. Сенің қолыңнан келеді. Алла берекесін берсін деп айту керек. Жатарда ер-азаматымның ісі алла бассын деп тілек тілеп, сыйынып жатқан дұрыс
Жауап беру
09.09.2020
Өте дұрыс айтасыз
Жауап беру
А
Айгүл 08.09.2020
Келісемін
Жауап беру
Н
Нигора 08.09.2020
Менде еш қайсысы жоқ әйел мойын еркек бас мойын қайда бұрса бас сонда бұрылады
Жауап беру
Б
Баян 08.09.2020
Келісем
Жауап беру
Ж
Жанар 08.09.2020
Келісем
Жауап беру
Ж
Жанат 08.09.2020
Ешкайсысы жок екен менде .
Жауап беру
Е
Ерлан 08.09.2020
Еркекте бас болса, айелде сана болса болдыгой
Жауап беру
Ж
Женискуль 08.09.2020
Келисемин толықтай
Жауап беру
А
Арац 08.09.2020
Осының барлығын менде жоқ керісінше дәрежесін көтеруге тырысамын.еркектің өзі қимылдағысы келмейды,сл
Жауап беру
А
Айнур 08.09.2020
Ондай да болады
Жауап беру
М
Мадина 08.09.2020
Жақсы айтылған
Жауап беру
Д
Диля 08.09.2020
Тағыда бәріне әйелдерді кінәлау. Еркектің басы жасамайма жауапкершілік қайда сонда.
Жауап беру
Ф
Фарида 08.09.2020
1 және 3 рас айтылған екен. Екеуі де бар менде
Жауап беру
Э
Эля 08.09.2020
Бізде керісінше ғой
Жауап беру
Д
Динара 08.09.2020
Мен жайлы айтылмаган екен,
Жауап беру
С
Самал 08.09.2020
Узын создин кыскасы бари айелине байланысты, калайда айел митындап психологты тындап журу керек. Еркектерге бериндер кенес, айелди мазаламай.
Жауап беру
М
Молдир 08.09.2020
Керемет,оте дурыс айтылған! Мен колдауга тырысамн ардайым
Жауап беру
Е
Ердос 08.09.2020
Оте Орынды Тамаша айтылган екен.. Ер мен айел отбасында бiр-бiрлерiне куш куат берiп журсе' Сонын озi мын Бакыт..
Жауап беру
А
Айдана 08.09.2020
Отбасында бастысы бир бирине сеним курмет болу керек. Калганы оз сонымен оз уакытында болады
Жауап беру
З
Зарина.. 08.09.2020
Мен ешқайсысына жатпайды екенмін.
Жауап беру
М
Мен кіммін? 08.09.2020
Ия,ол рас. Жалпы ер адамды барлық жақсы нәрсеге жігерлендіріп отыру жақсы қасиет. Әншейін мақтап отырудың өзі оларға қанат бітіреді. Біз әйелдер қисық қабырғалығымызды істеп қоятынымыз рас))) Аллаһ қаласа ол мінезде түзелер))
Жауап беру
А
Айман 08.09.2020
Бирнеше пунктардан озимди кордим
Жауап беру
С
Сымбат 08.09.2020
Вообщем дем алма деп турго мында
Жауап беру
С
Самал 08.09.2020
:)))))))
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл