Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағандыда алаяқтық жолмен 17 миллион теңгені иемденген екі банк қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпаратқа сүйенсек, 27 жастағы банк қызметкерінен алаяқтықтың үш фактісі анықталды. Ол қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың жеке деректерін қолдану арқылы қаржы ұйымдарынан несие рәсімдеген. Келтірілген залал сомасы 4 млн 770 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар, 31 жастағы банк қызметкері клиенттерді мерзімі өткен несие бойынша көмек көрсететінін айтып, алаяқтық жасаған.
Облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдиннің айтуынша, қазіргі кезде заңсыз несие рәсімдеу бойынша он екі іс анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 12 миллион теңгені құрады.