Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2 қарашадан бастап Қызылорда облысында жаңа шектеу шаралары қабылданды.
Бас мемлекеттік санитар дәрігер Әлия Әбдіқайымованың 31 қазандағы «Облыс бойынша шектеу, соның ішінде карантиндік шаралар туралы» қаулысында жаңа шеутеулер жарияланды.
Қаулыға сәйкес, облыс тұрғындарына медицина қызметкерлерін жұмыс барысында суретке немесе видеоға түсіруге тыйым салынады.
"Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынады", - делінген қаулыда.