Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бұрынғыдай тегін үй жоқ
Жаңалықтар

Бұрынғыдай тегін үй жоқ

17.06.2020
1 мин
15
3293

Қазақстанда тұрғын-үй саясаты нарықтық экономика заңдарына сай жүргізіле бастады. Бұрынғыдай тегін үй жоқ. Үкімет те бұдан былай баспана кезегіне тұрған халықты "төлем қабілеті бар" және "төлем қабілеті жоқ" деп екі санатпен ғана қарастыратынын қайта-қайта айтып келеді. Бұның барлығы сатылы жүйемен жүзеге асады. Ал әкімдіктегі баспана кезегі "Отбасы банкіне" берілсе, адамдар "қалтасына қарай пәтер алу жүйесін" толығымен түсінетін сияқты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тұрғын-үй саясаты қалай өзгерді?

Бұрын мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары мен жас отбасыларға арналған тұрғын үй бағдарламалары жиі қолға алынатын. Сол кезде республика бойынша біраз адам баспаналы болды, пәтерді нарықтық бағадан екі-үш есе арзанға алуға мүмкіндік жасалды. Дегенмен, осы іспетті бағдарламалардың кемшілігі де анық байқалды. Біріншіден, құрылыстың сапасы сын көтермеді. Екіншіден, мемлекеттік бағдарламамен таратылған пәтерді жалға беру жағдайлары көбейді. Демек, арзан пәтерді қалталы азаматтар да алды.

Ал мүгедектер, жетімдер және тағы басқа әлеуметтік жағдайы төмен адамдар әкімдікке сүйретіліп, баспана кезегіне тұрды. Үкіметтен тегін пәтер алуды армандады. Себебі өз ақшасы тамағынан артылмайды.

Германияның тәжірибесі негізінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ашылған соң халық баспанаға ақша жинауды үйрене бастады. Үкімет те тұрғын үй саясатын өзгертуге кірісті.

Бүгінде мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары мен жас отбасыларға арналған мемлекеттік бағдарламалар келмеске кетті. Тұрғын үй жинақтарына басымдық жасалып отыр. "Үй алғың келсе, ақша жина!" қағидаты кеңінен насихатталады. Ал ақша жинауға жағдайы жоқ адамдар үшін жалдамалы баспана беру шаралары қолға алынды. Осылайша, "төлем қабілеті бар" және "төлем қабілеті жоқ" деген санаттар пайда болды. Бұдан былай баспанаға мұқтаж адамдарды тек солай ғана екіге бөліп қарастырады.    

Сатылы жүйенің ерекшелігі қандай?

Сонымен, "төлем қабілеті бар" және "төлем қабілеті жоқ" адамдарға баспана қалай беріледі? Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сатылы жүйені әзірлеп қойды. Оған сәйкес, әрбір адамға табысына қарай баспана ұсынылады. Былайша айтқанда, әркім қалтасына қарай пәтер алады. Сатылы жүйенің бағыттары:

  • отбасының әр мүшесіне санағанда ай сайынғы табыс 1 күнкөріс шегінен немесе 31,2 мың теңгеден аспаса, онда жалдамалы пәтер беріледі;
  • отбасының әрбір мүшесіне шаққанда кіріс 2 күнкөріс шегі немесе 62,4 мың теңгені құраса, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жылдық 2 пайызбен ипотека алуға болады;
  • отбасының әрбір мүшесіне санағанда ай сайынғы табыс 3 күнкөріс шегінен - 96 мың 700 теңгеден аспаса, жаңа "5-10-20" бағдарламасына қатысуға болады.

Ал табысы одан жоғары адамдар екінші деңгейлі банктер арқылы "7-20-25" бағдарламасымен ипотека рәсімдей алады. Осы жүйенің бір артықшылығы, қалталы азаматтар арзан пәтер сатып ала алмайды. Себебі отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табыстың көлемі анық жазылған. Одан асып кетсе, жалдамалы пәтер де, жеңілдетілген ипотека да берілмейді.

Алғашқы жарнаны кім береді?

Осылайша, әрбір адамның төлем қабілеттігіне баса назар аударылады. Бұрынғыдай әлеуметтік мәртебеге қарамайды. Мәселен, әкімдік кезегінде тұрған жетім балалар, I және II топ мүгедектері, зейнеткерлер және тағы басқалар жалдамалы пәтерге кіре алады. Әрине, ондай баспана кезекпен беріледі. Бірақ оны жеке меншікке аударуға рұқсат жоқ.

Сол сияқты көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды асырап отырған отбасыларда әрбір адамға шаққанда табыстың көлемі 31,2 мың теңгеден аспаса, жалдамалы пәтерге құжат тапсыруға мүмкіндік бар. Бірақ кірістің мөлшері 1 күнкөріс шегінен артылған жағдайда олар автоматты түрде "төлем қабілеті бар" адамдардың санатына өтеді де, 2 пайызбен, я болмаса, 5 пайызбен ипотека алуға тура келеді.

Бірақ осы орайда заңды бір сауал туындайды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар алғашқы жарнаны қалай жинайды? Жаңа жүйенің кемшін тұсы осы болса керек.

Әкімдікте баспана кезегі болмай ма?

Жақында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов "төлем қабілеті бар" және "төлем қабілеті жоқ" адамдардың бірыңғай тізімін жасау жайында айтты. Оның айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде ашылатын "Отбасы банкінде" бірыңғай тізім болады. Сол бойынша жалдамалы және кредиттік баспана беріледі. Ал ең бастысы, үй алу құқығы белгілі бір қаламен шектелмейді.

"Қазақстан азаматы "Отбасы банкінің" ақпараттық базасында болатын кезек бойынша баспананы кез-келген облыста ала алады", - дейді Атамқұлов.

Демек, "Отбасы банкінде" бірыңғай тізім болса, әкімдікте кезек жүргізудің қажеті болмай қалады. Жергілікті атқарушы органдарда жиналған барлық мәліметтер мен кезекте тұрған адамдардың тізімі банкке берілуі әбден мүмкін. Әзірше, нақты алгоритм жоқ. Алайда осыдан кейін адамдар әкімдікке емес, банкке барып, кезекке тұратын болса, әлеуметтік мәртебеден бұрын төлем қабілеті маңызды екенін түсіне бастайды.

P.S. Бүгінде астанада митингке жиі шығып жүрген көпбалалы аналар үкіметтен тегін баспана берілмейтінін түсінген сияқты. Бұрын олар пәтер беруді талап етсе, соңғы кезде 2 пайызбен ипотеканың шарттарын жеңілдетуді сұрай бастады. Алғашқы жарнаны алып тастау қажет дейді. Себебі көп баламен алғашқы жарнаны жинау мүмкін емес. Шыны керек, орынды мәселе.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
15 Пікір
Ж
Жанна 23.01.2022
Салеметсізбе мен акиматтын очерединде турганыма 11жыл болды,жылжитын тури жок.Жилстрой банкте дипозит ашкам 2015жылы,бирак салып жатканым аз гана акша,ойткени жалга толеймиз,еки бала,окулары, кружоктары бар,жалдамалы патерде турып жатканымызга 14жылдай болды.
Жауап беру
А
Айгул 17.06.2020
Алгашкы жарнаны жинайын мумкиндик жок жалдамалы патерде бес жылдан бери турамыз жуз мын патерге толеймиз одан кслса кредит ,еще балдардын тамагы кийми окуы.кайда бас урарымызды билмей омир отип жатыр.
Жауап беру
А
Азат 17.06.2020
Мен 2011 жылдан бери уй кезегинде турмын ауган согысынын ардагеримін кезегим жакындап калды мен осы кезектеги уйимди ала аламын ба
Жауап беру
А
Арай 17.06.2020
Маган хабарласса екен ширкин
Жауап беру
Қ
Қымбат 17.06.2020
Декретте отырған, үй кезегінде бар адамдар не істейді?
Жауап беру
Т
Тоғжан 17.06.2020
Мүгедек балам бар. Ауылда тұрамын. Үй кезегіне тұрайын десем ЦОн прапискаңыз қай жерде сол жерден ғана үй аласыз дейді. Бұл сауалды Жил стройғада барып қойдым қарастырамыз деген әлі жауап жоқ. Жилстройдан счет ашып қойдым
Жауап беру
Г
Гулжан 17.06.2020 17.06.2020
Менин атымда уй жок.Бирак жолдасым атындагы уйди сатканына 3 жыл болды.енди биз кезекке тура аламызба.Биз кандай багдарламамен уйли бола аламыз
Жауап беру
М
Мари 17.06.2020
Дұрыс енді кезек күтпейтін болды халық
Жауап беру
а
айгерим 17.06.2020
уй кезегине тура алмайтындар,ягни АО ТОО да жумыс жасайтындар калай уйлыболады.АО да ыстейтындерде кезекке тура алса деп пост жазынызшДаулет.
Жауап беру
а
айгерим 17.06.2020
уй кезегине тура алмайтындар,ягни АО ТОО да жумыс жасайтындар калай уйлыболады.АО да ыстейтындерде кезекке тура алса деп пост жазынызшДаулет.
Жауап беру
О
Оспанова Айдана 17.06.2020
Ия алғашқы жарнаны алып тастаса,содан кейн мысалы Алматы обл.Аксу ауд.Жансугров ауылында турам уй кезегинде коп балалы ана ретинде турам,биз жакта жалдамалы уй берип жатыр,мысалы 6 млн уй алса укимет,ай сайын 6 мынан омир баки толеп турасындар биздин атымызга отпейди ешкашан,кошетин болсак тастап кетемиз,енди бирак сол уйдин сапалы болганын калар едим акша толеп турган сон сапалы таза кен ремонт бар уй болса.сол жагынын укимет кадагалап караса себеби укимет акша боледи бирак сапасыз уй алынып жатыр,меним кезегим келседе ол уйлерден отказ берип баска уй кутип отырмын,АКШАСЫН ТОЛЕП ТУРГАН СОН ТАЗА КЕН ЖАКСЫ УЙДЕ ТУРГЫМ КЕЛЕДИ
Жауап беру
Н
Назерке 17.06.2020
Мен көпбалалы анамын. Кезегім жақындап қалды .Шымкент қаласынанмын. ТƏРБИЕШІ болып жұмыс жасаймын. Куйеуім де мектепте. Енді менің атымда кредит жоқ бірақ куйеуімнің атында бұрын кредит болып ол коллекторлық компанияға өтіп кеткен. Негізі сол кредитті өзіне алмаған біреуге əперген. Енді қараңыз мен Бақытты отбасына тапсырайын десем шарттардың барлығы дұрыс келіп айлық көрсеткіші де сай болып тұр Отбасы банкіне барып есептеттік. Бірақ коллекторды жап деп отыр не істеуге болады? біз қандай санатқа жатамыз?
Жауап беру
А
Асем 17.06.2020
Өзіңнің ізденіп, шешім қабылдағаның дұрыс екен. Министр бұл туралы Мамыр айында айтқан болатын. Халыққа енді жетіп жатқаны өкінішті. Қаншама адам статусын ауыстырып үлгерді. Ал, енді болса үй кезек бойынша доходқа қарап берілетін болады. Осы жүйе дұрыс
Жауап беру
А
Асем 17.06.2020
Көптен бері осыны айтып жүрмін түсіндіріп таныстарыма. Қаншама адам үй алу үшін статусын ауыстырып, кезегі төмен түсіп кетті. Мен де солай жасаймын деп ойлап едім Дәулет Бақытты отбасымен үй алу үшін статусыңыз сай емес, статусыңызды ауыстырасыз дегенде. Кейде өзгенің кеңесінен гөрі өзіңнің ізденіп, ще
Жауап беру
П
Перизат 17.06.2020
Мүгеде баламен үй кезегінде 2009-2019 дейін тұрдық.3-4банктен несие рәсідеп үй салдық.оны енді 9жыл төлеу керек.Студент баламызға Алматы қаласынан үй алу үшін қайтпек керек
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл