Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Екі бірдей баласы аутизм дертіне шалдыққан жалғызбасты ана Әйгерімге «Dauletten қайырымдылық қоры» баспана кілтін табыстады.
Өткен аптада Әйгерімнің жан айқайын экономист-блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде жариялаған еді. Небәрі 24 сағаттың ішінде қаражат жиналып, Әйгерімге жиыны 18 миллионға 8 соток жерімен баспана алынды.
Әйгерімнің оқиғасы оқырмандарды бейжай қалдырмады. Ол екі мүгедек аутист баланы асырап отырған жалғызбасты ана. Жұбайы қайтыс болған. Жетісайдағы ата-анасы үйдегі үлесін дау қылып, ерекше балаларды бағудан бас тартып, қуып шыққан.Туған сіңілісі 15 мың доллар кредит алғызып Астанадан бутик ашамыз, мемлекеттен субсидия алып берем балаңды емдетем деп алдап кеткен. Мүмкіндігі шектеулі баланы емдетем деп түрік азаматына тұрмысқа шығып Әйгерім Түркияға да барған. Ол жақта дүниеге Рахима есімді қызы дүниеге келген. Ол да Алланың қалауымен аутизм дертіне шалдыққан. Десек те, түрік жігіті Әйгерімді баласымен тастап кетеді.
«Қоныс той! Естеріңізде болса өткен бейсенбіде Әйгерімнің баспаналы болуына ақша жинаған едік. Бүгін міне, баспанасына кірді. Қаланың жаңа ауданынан 8 соток жерімен 18 миллионға жер үй алдық. Бұл «Dauletten қайырымдылық қоры» табыстаған 44 баспана! Дәулетті армияма мың алғыс!», - деп жазды Дәулет Төлеутайұлы әлеуметтік желіде.
Тағы көру