Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана мен Алматыда ақша айырбастау пункттерінде доллар 526-534 теңгеден саудаланып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық банктің 6 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 526,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,76 теңге. Еуро — 542,31.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 526,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531,5 теңге. Еуро 542,5 — 549,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал елордада долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 534 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 — 5,10 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 5 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,20 теңгеге қымбаттап, 526,30 теңге болған.