Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Келер жылы төрт баласы бар әйелдер көпбалалы аналар санатына жатпайды және жәрдемақы мөлшері азаяды. Әлеуметтік желіде дәл осындай ақпарат таралып жатыр. Бұл шынымен рас па, әлде құр қауесет пе? Бұл мәселеге қатысты сұраққа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Асқар Ниязов жауап берді, деп хабарлайды Dauletten.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны тоқтату жайлы сөз болған жоқ. Көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі, 2000 жылдың басынан келе жатқан жүйе. Сол себепті бұл көмекті алып тастау қаралған жоқ.
«Қазіргі кезде төрт баласы бар аналар 44 500 теңге алады. Ал бес бала болатын болса, ол сома 55 мың теңгені құрайды. Яғни, отбасына бір бала келген жағдайда қосымша 11 мың теңге қосылып отырады. Бұл төлем 5,6,7 баламен тоқтап қалып жатқан жоқ. Тіпті 8-ші баладан бастап, әр балаға 4 АЕК қосымша төлем төленеді", - деді Асқар Ниязов.
Еске сала кетейік, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыға төрт және одан да көп, 18 жасқа толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Елімізде қаңтар-қазан айында көпбалалы аналарға шамамен 191 млрд теңге жәрдемақы төленген.
Тағы көру