Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әр балаға төленетін сомма 12 252 теңгені құрайды.
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 27 млрд теңгенің жәрдемақысы төленді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 487,6 мың отбасы қамтылды.
Аталған мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді:
төрт балаға - 49 100 теңге
бес балаға - 61 383 теңге
алты бала - 73 666 теңге
жеті балаға - 85 948 теңге
сегіз балаға - 98 016 теңге
тоғыз балаға – 110 268 теңге
он балаға – 122 520 теңге
он бір балаға – 134 772 теңге
он екі балаға – 147 024 теңге
он үш балаға – 159 276 теңге
Әр балаға төленетін сомма 12 252 теңгені құрайды.
Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын.
Тағы көру