Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Министр кімдердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты
Жаңалықтар

Министр кімдердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты

30.04.2021
1 мин
28
8267

2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы жарты миллион теңгеден асады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Ол биыл 1 қаңтардан бастап 247 мың медицина қызметкерінің айлығы өскенін атап өтті. Дәрігерлердікі 30%-ке, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ке артқан. 

"2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен өсіп, экономикадағы орташа айлықтан екі жарым есе жоғары болады. Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 561 мың теңгені, ал орта медицина қызметкерлерінікі 210 мың теңгені құрайды", -  деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Айтуынша, қазіргі таңда елде 76 мың дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде 32 мыңы – бейінді мамандар.

Министр ауылға жұмысқа барған жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 836 маманға көтермеақы төленсе, 235 қызметкер баспанамен қамтылған, тағы 73 дәрігерге басқа да әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ведомство ауруханаларды білікті кадрлармен қамту үшін медицина қызметкерлерін даярлауға бөлінетін гранттар санын ұлғайтуды, дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

Дереккөз: Sputnik.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
28 Пікір
А
Айлана 13.05.2021
Салынган уйіміз сапалы болсын деп курлысшылардыкин туракты котеру керек кой.Уй алганда сенімді боламыз сапасыныны болатына сонда
Жауап беру
А
Айдын 04.05.2021
Айлықты асырып айтқанмен ұсталатын налогын есептегенде сол айлықтың жартысы болады
Жауап беру
А
Аягөз 03.05.2021
Сәлеметсіз бе. Мен 2020 жылда медицина колледж бітірдім. Оқып бітірген сон тұрмысқа шықтым ауылға ауылда больница жок тек Фап қана жұмысқа орналасайын десем орын жоқ.Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл станциясы.
Жауап беру
Д
Динара 03.05.2021
Қазақстанда мұғаліммен дәрігерлер жұмыс істейді ме?Неге қара жұмыс істейтіндердің айлығын көтермейді басқа жұмысшылар жрқ па?барлығы сол мамандықты оқитын шығар скоро
Жауап беру
Д
Динара 03.05.2021
Қазақстанда мұғаліммен дәрігерлер жұмыс істейді ме?Неге қара жұмыс істейтіндердің айлығын көтермейді басқа жұмысшылар жрқ па?барлығы сол мамандықты оқитын шығар скоро
Жауап беру
Ж
Жанна 03.05.2021
Медиктердин акшасын көтерседе мугалиинин жалакысына жетпидго
Жауап беру
Ж
Жамал 01.05.2021
Мемлекеттік жұмысшыларға гана көтеріп жатыр жыл сайын ал частный компанияда истейтиндерге неге котермейди
Жауап беру
А
Айжан 02.05.2021
Жұмыс беруші көтеру керек қой
Жауап беру
С
Сарсенкул 01.05.2021
Бізде тек дәрігерлер мен мұғалімдер ғана жұмыс жасайды,тек солардың жалақысын айта береді,сонда олардан басқалары ауа мен қоректеніп жүре ме,осыны түсінбейм
Жауап беру
З
Зулья 01.05.2021
Дәрыгермен муғалімдер нур Отаннан болғанға көтередау дим осы
Жауап беру
С
Самал 30.04.2021
Қайдағы медиктер бар болғаны 100000теңмаламыз ондай ақшаны түсімізде көрмедік үкіметке береміз деп соғады шынына келгенде ондай айлық көрмиміз
Жауап беру
Д
Д 30.04.2021
Жыным келеды осыларга баскалар тиын санап журе беру керекпа. Алган 70000 т дымка жетпейды
Жауап беру
Д
Д 30.04.2021
Докторлардан баска адам жокпа баскалар 70000 тенгены алып журеберемызба. Олардын айлыгы котерылгены зияны бызге тиеды
Жауап беру
А
А 30.04.2021
Я рада, что поднимают заработную плату, но делить нельзя , ведь продукты дорожают для всех одинаково.
Жауап беру
А
Алия 30.04.2021
Что попало, они даже не работают. Только что с больницы пришла, элементарно направление не могу написать
Жауап беру
М
Маира 30.04.2021
Продукты ... 50-60% қымбаттап жатыр
Жауап беру
М
Марьяш 30.04.2021
Жай халыктар не адам емеспе солларды неге котермиди
Жауап беру
С
Саваж 30.04.2021
100/150 мың айлық 1.5 жыл ішінде 500 мыңнан асуы екі талай, лапша іле береді, іле береді...
Жауап беру
01.05.2021
2023ж көтереді дейді ол уақытқа дейін бәрі қымбаттайды ғой
Жауап беру
А
Айгүл 30.04.2021
Орта мед.қызметкерлердікі дым емес қо құрсын. Дұрыстап көтермей ме шөкімдемей.
Жауап беру
Д
Динара 30.04.2021
Дәрігерлер онсызда акша алып отыр алдына бір барсаң бәленбай акша деп ауыздарын ашады оданда карапайым жумыскерлердің жалакысын көтеру керек
Жауап беру
М
Мереке 30.04.2021
Пол жуатын бикелердин айлыгын неге котермейди дейди. Кезен кезенимен котерип келе жатргой. Даригерлерди канша котерсе де арзыйды. 10 жыл оку деген онай емес. 10 жыл окып, пол жуатындар даригердин дарежесимен бирдей акша алмайдыгой халкым.
Жауап беру
А
Айша 30.04.2021
Ал санитарлар тағыда далада қалдықпа
Жауап беру
Г
Гуля 30.04.2021
Ал санитаруалар ше? Тағыда далада калдыкпа?
Жауап беру
Г
Гулжазира 30.04.2021
Сол дарйгерлердйн бау шуларын жинап кан суртіп пол жуып журген кйшй бикелердйн айлыгы кашан котеріледй екен
Жауап беру
Ж
Жанар 30.04.2021
Сәлеметсіз інім екі жыл бұрын барды ауылға дипломмен. Айлығы 60мың енді болды екі баласы бар 0,5 ставка қылып тастады көмек жоқ кетецін десе ақшасын қайыру керек . Ол берген ақшасын айына 20мың салады 60мың айлық қалай жетеді?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл