Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» әкімдік кезегінде тұрған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспананы алған азаматтар тізімін жариялады.
Іріктеу көпбалалы отбасылар арасында өткізілді. 2019 жылдың 24 маусымына дейін кезекке тұрған азаматтар іріктеуден өтті. Тізімді мына жерден жүктеп алуға болады.
Жиыны 285 екі бөлмелі пәтер берілді. Жақын арада Тұрғын үй орталығының қызметкерлері өтініш берушілерге хабарласып, тұрғын үй жайлы толық ақпарат береді.
Еске сала кетейік, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 жылға беріледі. Бағдарлама шарты бойынша азаматтар жалдау мерзімін ұзарта алады. Жалға берілетін баспананы алған азаматтар тұрғын үй кезегінен шығарылады.
Тағы көру