Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жалған вакцина паспортын жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар

Қазақстанда жалған вакцина паспортын жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

05.07.2021
1 мин
3
2144

Солтүстік Қазақстан облысында жалған ПТР-анықтамалар мен вакцина паспорттарын жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Петропавловск.news.

"ПТР-тест нәтижелерін қолдан жасағаны үшін 22 қылмыстық іс, ал жалған вакцина паспортын жасаумен айналысатын адамдарға қатысты төрт қылмыстық іс қозғалды. Бұл өте күрделі мәселе", - деді облыстың бас санитар дәрігері Әсет Жұматаев брифингте.

Ол кез келген құжатты қолдан жасау заңмен қудаланатынын және бұл үшін қылмыстық жаза көзделгенін еске салды.

Жұматаевтың айтуынша, жалған паспортты сатып алатын адамдар өзі мен айналасындағыларды алдайды.

Жуырда Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, халыққа қызмет көрсететін сала қызметкерлері 15 шілдеге дейін вакцина салдыруға міндетті. Ал екпеден бас тартқандар апта сайын ПТР-тест тапсыруға тиіс.



 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
А
Айна 05.07.2021
Алсаң ауырып өлесің дейді, алмасаң жұмыстан шығасың дейді? Қайсыған сенеміз? Сол дәрігерлер өздері айтады. 20-30 мыңға сатады екен. Бірі күйдіреді, бірі жылатады
Жауап беру
А
Айна 05.07.2021
Алсаң ауырып өлесің дейді, алмасаң жұмыстан шығасың дейді? Қайсыған сенеміз? Сол дәрігерлер өздері айтады. 20-30 мыңға сатады екен. Бірі күйдіреді, бірі жылатады
Жауап беру
А
Айдана 05.07.2021
Жалған анықтаманы қалай жасайды және оның жалған екенін қалай біледі? Базадан шықпай тұра ма
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл