Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық реттеулерді жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Құжат аясында “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодекске, сондай-ақ “Жарнама туралы”, “Ойын бизнесі туралы”, “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” заңдарға бірқатар түзетулер енгізілді.
Түзетулердің алғашқы бөлігі денсаулық сақтау саласындағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған. Мәселен, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға арналған скринингтер кезінде амбулаториялық жағдайда көрсетілетін кейбір мамандандырылған медициналық қызметтер енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен алынып, мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетіне енгізілді.
Сондай-ақ мүгедектігі жоқ азаматтарды есту аппараттарымен қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер де қабылданды.
Заңдағы екінші блок ойын бизнесін реттеуге арналған. Енді букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ұялы құрылғылар мен онлайн-платформалар арқылы жарнамалауға тыйым салынады. Сонымен қатар бұл ұйымдарды жарнамалауға рұқсат етілген бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі қысқарып, тек спорттық бағыттағы БАҚ-тармен шектелді.
Бұдан бөлек, "Ойын бизнесі туралы" заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, бас бостандығынан айырылған немесе шартты түрде сотталған азаматтарға құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға тыйым салынады.