Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
“Ақорда” резиденциясында өткен кездесуге Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңес пен Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген сапарында қатысты.
Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері талқыланып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты нығайтуға ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Мишустиннің Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен тату көршілікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ, Ресей Президенті Владимир Путиннің 2023 жылғы 27 қарашада Астанаға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
- Екі ел арасындағы байланыстар одан әрі нығая түсті. Бұл мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық саласын қамтиды. Сіздің Астанаға сапарыңыз жоғары деңгейде жасалған келісімдерді іске асырудың маңызды кезеңі деп есептейміз. Владимир Путиннің Қазақстанға сапары барысында Уфада өңіраралық форум сәтті өтті. Биыл бұл форумды Қазақстанда, атап айтқанда Орал қаласында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ынтымақтастықтың бұл форматы өз тиімділігін көрсетеді деп сенемін, – деді Президент.