Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маңызды үндеу жолдады
Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маңызды үндеу жолдады

20.05.2025
1 мин
0
707
Сурет: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері балалардың терезеден құлау оқиғаларына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Жыл басынан бері осындай 60 жағдай тіркелген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, жылы мезгіл мен жазғы демалыс кезеңінде мұндай оқиғалар жиілеп кетеді.

- 2025 жылдың басынан бастап министрліктің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығына терезеден құлаған балаларға қатысты 60 дерек тіркелді. Өкінішке қарай, бес бала оқиға орнында көз жұмды, ал 55-і түрлі жарақатпен ауруханаларға жеткізілді, – деп мәлімдеді ТЖМ өкілдері.

2024 жылы осындай 196 жағдай тіркелгені айтылды.

Құтқарушылардың айтуынша, көбіне 2-ден 13 жасқа дейінгі, ересектердің қарауынсыз қалған балалар қауіпке тап болады. Оқиғалардың көпшілігі балалардың москит торына сүйенуі салдарынан болады, алайда бұл торлар салмақты көтере алмайды.

Министрлік басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірінде профилактикалық шаралар күшейтілді. Құтқарушылар ата-аналармен кездесулер өткізіп, балалар мекемелерінде рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар азаматтарды ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен түрлі ресурстар кеңінен тартылуда.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналар мен балалардың заңды өкілдерін қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырады:

  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Москит торларына сенбеңіз – олар баланы құлап кетуден қорғай алмайды;
  • Терезеге арнайы бекіткіштер мен блокираторлар орнатыңыз;
  • Бала терезеге шыға алмауы үшін терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.

- Кез келген қайғылы жағдайдың алдын алуға болады. Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік – ересектердің мойнында. Балаларыңызға жанашыр болыңыздар. Әрбір баланың өмірі – біз үшін қымбат, – делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл