Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаппай сатылым: «Қара жұма» қалай пайда болды және қашан басталады?
Қаржылық сауат

Жаппай сатылым: «Қара жұма» қалай пайда болды және қашан басталады?

20.11.2020
1 мин
71
16400

Жылда қараша айының соңғы жұмасында алғаш рет АҚШ-та пайда болған Black Friday немесе «Қара жұма» атты үлкен сатылым болады. Әлемдік ауқымға ие бұл сатылым жыл сайын Қазақстанның да сауда орталықтары, интернет-дүкендері мен бөлшек сауда дүкендерінде жарияланып, 90%-ке дейін жеңілдіктер ұсынады. Биыл «Қара жұма» қарашаның 27-ші жұлдызына түсіп тұр.

«Қара жұма» және оның атауы қалай пайда болды?

XIX ғасырдың соңында АҚШ-та қарашаның төртінші бейсенбісінде атап өтілетін Алғыс айту күнінен кейін рождестволық сату маусымын өткізу дәстүрі пайда болды.

Аңыз бойынша Фрэнк Вулворт шопоголиктердің басты мерекесінің негізін қалаушы болып саналады. Өйткені ол 1873 жылы Пенсильваниядағы кішкентай Ланкастер қаласында алғашқы сатылымдарды ұйымдастырды.

Кейіннен сатушылар тұтынушыларды жеңілдіктер, бонустар мен ерекше сыйлықтар беру арқылы тарту керек екенін түсінді. Алғыс айту күнінен кейінгі жұмада сатылым көбейгені белгілі болған соң дүкендер акцияны дәл сол күні бастау дәстүрін енгізді.

Ал атауына келер болсақ, New York Times басылымы 1996 жылы саудагерлер қарқынды сауда теңгерім құжаттарында қара сиямен көрінеді деп үміттенгендіктен сатылымды «Қара жұма» деп атағанын жариялады. Өйткені Американың бухгалтерлік есебінде пайда қара түспен, ал шығын қызыл түспен жазылады. Сондықтан «Қара жұма» табысты, кірісі мол жұма деген мағынаны білдіреді.

Айта кету керек, АҚШ-та «Қара жұма» табиғи қажеттіліктен туындады. Алғыс айту күнінен кейін сатушылар барлық ескірген тауарларды сатып, жаңажылдық сатылымға жаңа тауарлар алу үшін қоймаларды тазартуы керек болатын.

Дүниежүзілік сауда күнінің алғашқы қатысушылары интернет-дүкендер болды, кейінірек сауда орталықтары қосылды. Яғни «Қара жұма» бастапқы экономикалық мағынасын жоғалтты және сатып алушыларды тарту мақсатындағы маркетингтік қозғалысқа айналды.  

Қазақстанда «Қара жұма» қай аралықта және қалай өтеді?

Биыл Қазақстанда «Қара жұма» 2020 жылдың 27 қарашасы жергілікті уақытпен сағат 00:00-де басталса, 1 желтоқсан сағат 23:59-да аяқталады.

Қазақстанда сауданың белсенді түрде жүруі жұмадан жексенбіге дейінгі алғашқы үш күнде орын алады. Бірақ бірқатар дүкендер сатуға және акцияға қатысуға жоспарланған қалдықтар болған жағдайда сатылымды ұзартады.   

Соңғы жылдары кейбір компаниялар сатылымды мерзімінен бұрын бастап кетуді сәнге айналдырды. Бір жағынан бұл сатып алушыларды шатастырып, «Қара жұмаға» күмәнмен қарауға әкелсе, екінші жағынан қатал бәсекелестікте «тірі қалуға» көмектеседі.

Сатып алушыны тартудағы осындай тең емес күреске қарамастан, компаниялар әлемдік ережелерді ұстануы қажет. Яғни сатылымға құрметпен қарап, нақты жеңілдіктер жасап, тапсырыстарды белгіленген мерзімде орындауы керек.

Black-Friday.Global сайтының мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы «Қара жұмаға» байланысты апталық интернет-сұраулардың үштен бірінен артығы (43,5%) Google Trends ақпараты бойынша жұма күні келетінін көрсетті. Ал Black-Friday.Global-дың 2018 жылы қазақстандықтар арасында жүргізген «Қара жұмаға» байланысты сауалнамасы респонденттердің 51%-ті сатылым туралы білетінін анықтады. Бүгінде бұл көрсеткіштің айтарлықтай артқаны айтпаса да түсінікті.  

2019 жылдың қазан айында picodi.com жүргізген сауалнама деректері сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың үштен бірі, яғни 33%-ті «Қара жұма» кезінде онлайн сатып алуды жоспарлайтынын, ал респонденттердің 50%-і интернеттегі де, сауда орталықтарындағы да сатылымға назар аударатынын және тек 17%-і тек сауда орталықтарына баратынын көрсетті.

Black Friday – 2018 қорытындысы бойынша әдеттегі жұмамен салыстырғандағы сатып алу белсенділігінің ең күшті серпілісі Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында байқалды. Сауалнама нәтижесі әйелдер жаппай сатылымға ерлермен салыстырғанда көбірек қызығушылық танытатынын, сондай-ақ сатылымға ерлерге қарағанда 57%-ке көп уақыт жұмсайтынын көрсетті. Сауалнамаға қатысқан қазақстандық әйелдердің 53%-і «Қара жұмаға» қатысса, ерлерде бұл көрсеткіш 10%-ке кем. Сондай-ақ әйелдер орташа есеппен 4,1 тауар сатып алса, ер адамдар 2,5 тауар сатып алады. Ер адамдар көбіне электроника, киім және аяқ киім алса, әйелдер киім, тұрмыстық техника және үй заттарын алуға көңіл бөледі.

2020 жылғы 27 қарашадан басталатын жаппай сатуға қатысуға сіз де ниеттенген болсаңыз, тиімді сауда-саттық жасау үшін «Қара жұма» басталмас бұрын тауарлардың жеңілдіктерсіз бағаларына талдау жүргізу, сондай-ақ www.blackfriday-kazakhstan.kz сайтында жыл сайын «Қара жұма» сатылымына қатысатын интернет-дүкендер ұсынылған ресми тізіммен танысу артықтық етпейтінін ескеріңіз. Саудаңыз сәтті болсын!

Жансая ҚАМБАР

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
71 Пікір
М
Марал 21.06.2021
Қара жұма деген жаман естіледі жұма қасиетті күн
Жауап беру
М
Марал 21.06.2021
Қара жұма деген жаман естіледі жұма қасиетті күн
Жауап беру
А
Арманбек 07.12.2020
Лакки фрайдэй деседе болады
Жауап беру
М
Мөлдір 05.12.2020
Мен атын естігеннен қызықпай қалған едім.
Жауап беру
Г
Гулназ 30.11.2020
Жума деседе болар еди гой
Жауап беру
Г
Гулназ 30.11.2020
Жума деседе болар еди гой
Жауап беру
А
Аяулы 25.11.2020
Қара ЖҰМА демеи, Берекелі жұма десе болмаима, АҚШтар өздері солай айта берсін, Біз Берекелі Ақ жұма деиік
Жауап беру
Р
Рахат 25.11.2020
Қәсиетті жұманы қалай қара жұма деуге болад, бұл дұрыс емес, олай айтуға қалай ауыздары барады
Жауап беру
Г
Гулдана 24.11.2020
"Қара жұма"-деп бір рет қара жамбылдық емес пе? Жетер енді
Жауап беру
А
Айжамал 24.11.2020
Біз мұсылмандарды жұманы қара деүге мүлдем болмайды алланың нұры төгілген күн жұманы Нұрлы Жұма деп өзгертуге болады
Жауап беру
А
Айжамал 24.11.2020
Біз мұсылмандарды жұманы қара деүге мүлдем болмайды алланың нұры төгілген күн жұманы Нұрлы Жұма деп өзгертуге болады
Жауап беру
М
Мөлдір 21.11.2020
Атын өзгертуді ұсынамын,қазақта “қара”сөзі жаман ырымға басту дейтін едіғой
Жауап беру
Б
Бегзада 21.11.2020
Атын Пайда Жұма немесе Бай Жұма деп өзгерту керек себебі сатушыға да сатып алушыға да пайдалы
Жауап беру
М
Мария 21.11.2020
ия,аты жаман естіледі екен, "қасиетті жума"деп аталсын!
Жауап беру
А
Акмарал 24.11.2020
Бардык Жума касиетти сондыктан болмайды олай атауга. Оданша бир реттик атау тапкан дурыс
Жауап беру
Ч
Чамчинор 20.11.2020
Атын өзгерткен дұрыс жаман әсер етеді екен. Қасиетті жұма деп.
Жауап беру
Г
Гулзира 20.11.2020
Аты жаман койылыпты,узилди кесилди карсымыз, кундердин султаны касиетти жумамызды олай атауга болсайды,аллахтын каhарынан коркындар!!!
Жауап беру
А
Айнұр 20.11.2020
ҚАСИЕТТІ ЖҰМА ДЕП АЙТЫНДАР!!!
Жауап беру
К
Кара жума емес,, соны ҚАСИЕТТІ ЖҰМА деп ауыстырсын, халыкка жаны шын ашыса,, ол ЧЁРНАЯ ПЯТНИЦА деп отыргандардын пеилдери кара адамдар) көздерін шел басқан) 20.11.2020
Кара жума емес,,ҚАСИЕТТІ ЖҰМА деп озгертсин, ! ҚАЗАҚ бола тура оган коз жума карау дурыс емес ,, Кундердин Султаны Касиетти Жума кунін қара деу, адастыру
Жауап беру
А
Айнур 20.11.2020
Осы,
Жауап беру
С
Самал Балмагамбетова Мерекеевна 20.11.2020
Кара жума деп тагыда бастап жатырма биз бул турімізбен муслман болиаимыз капірлерге еліктеп
Жауап беру
С
Самал Балмагамбетова Мерекеевна 20.11.2020
Кара жума деп тагыда бастап жатырма биз бул турімізбен муслман болиаимыз капірлерге еліктеп
Жауап беру
А
Асылзат 20.11.2020
Қара жұма емес ,қайырымды жұма десе керемет болар еді. Менин ойым
Жауап беру
Ж
Жадыра 20.11.2020
Керемет жаңалық бүндайды білмитін едім рахмет
Жауап беру
Т
Таншолпан 20.11.2020
Оте керемет жаналык екен!
Жауап беру
Г
Гулзамира 20.11.2020
Жеңілдік жұмасы деп атаса жақсы еді. Өте жақсы жұма 2019жылы ұлымның үйне осы жұмадан техникалық заттар алдық жарты бағасына түсті.
Жауап беру
С
Сауле 20.11.2020
Өте жақсы қара жұма! Жыл сайын болса көп қол жеткізе алмай жүрген заттарымызды алып бір қуанып қалар едік!
Жауап беру
Г
Гүлнұр 20.11.2020
gulnur_23_23@mail.ru
Жауап беру
Н
Нұрайым 20.11.2020
Біздің Қасиетті Жұманы қара жұма деп атамаңыз. Черная пятница деңіз
Жауап беру
Қ
Қасиетті жұма 20.11.2020
Это как ход маркетинга и без этих ч. пятниц скидки бывают. Сейчас на рынке много конкурентов и дата может быть разная. Это Казахстан.
Жауап беру
Қ
Қасиетті жұма 20.11.2020
Это как ход маркетинга и без этих ч. пятниц скидки бывают. Сейчас на рынке много конкурентов и дата может быть разная. Это Казахстан.
Жауап беру
С
Сауле 20.11.2020
Маганда унамады кара жума атауы, кулакка турпайы естиледи екен.
Жауап беру
Ф
Файма 20.11.2020
Мұсылманның ең жақсы күнің жұма күнің олай атауға болмайды сол үшін сол күні солай атағаны үшін ещтене барып сатып алғым келмейді
Жауап беру
Г
Гаухар . 20.11.2020
Қасиетті жұманы құлақа жағымсыз қара жұма дегені ұнамады. Неге сәтті жұма, берек жұма, сауапты жұма, қасиетті жұма демеске.
Жауап беру
Ж
Жәнібек 20.11.2020
Жұма қасиетті күн. Қара жұма дегені құлаққа жағымсыз естіледі екен.
Жауап беру
С
Сымбат 20.11.2020
Бизде жай созгана. Ондайкатты тусирмейди багаларын. Шетелмен салыстыругада келмейди.
Жауап беру
А
АЛТЫНАЙ 20.11.2020
ОСЫ ҚАРА ЖҰМА Деп ҚАРА ТӨНДІРМЕЙ: «КИЕЛІ ЖҰМА, ЖЕМІСТІ ЖҰМА, СӘТТІ ЖҰМА, ҚАСИЕТТІ ЖҰМА, КӨРКЕМ ЖҰМА, ЖАЙСАҢ ЖҰМА»... ДЕГЕН СИЯҚТЫ ӘДЕМІ СӨЗДЕРМЕН НЕГЕ АТАМАСҚА!?,
Жауап беру
Р
Райхан 19.11.2020
"Жұмадағы жеңілдік", немесе "Жылы Жұма " деп өзгерту керек. Неге біреудікін қайталау керек.
Жауап беру
А
Алтынай 20.11.2020
ӨТЕ Дұрыс АЙТТЫҢЫЗ. ҚОЛДАЙМЫН
Жауап беру
Д
Динара 18.11.2020
Рақмет, құнды ақпарат
Жауап беру
Ж
Жанар 16.11.2020
Пара думада шынымен спидке болама тауарларға кой бояушылык емеспе сізден соны білейін деп едім
Жауап беру
З
Зульфия 16.11.2020
Неге қара жұма жіңілдік жұмасы немесе жасыл жұма деп атауын өзгертіп айтайық.Қара деген жақсы сөз емес.
Жауап беру
Е
Ердаулет 16.11.2020
Мәліметті толықтай оқыңызсайшы, неліктен қара жұма екені жазылып тұр.
Жауап беру
А
Аида 15.11.2020
Қара жұма деген құлаққа түрпідей естіледі екен
Жауап беру
Г
Гулнар 15.11.2020
Менің өз басыма Қазақм
Жауап беру
R
Rаuan 15.11.2020
Еврейлердің әдейі шығарған нәрсесі секілді...
Жауап беру
Е
Енлик 15.11.2020
"Табысты Жұма" десе әдемі естіледі.
Жауап беру
А
Алтын 15.11.2020
Немесе "Жеңілдік Жұма"
Жауап беру
Ш
Шолпан 15.11.2020
Кара жума Деген биртурлы естыледыкен,касиетты жуманы баскаша атасын
Жауап беру
Б
Бақытжан 15.11.2020
Ассаламалейкум!Атауын өзгертіңіз өтінішім сізден!
Жауап беру
Н
Нұрболат 15.11.2020
Қасиетті күндердің сұлтаны жұма күнді қара жұма деуден аулақ болайық.
Жауап беру
Г
Гули 20.11.2020
Өте дұрыс айттыңыз.Алла разы болсын
Жауап беру
С
Салтанат 15.11.2020
Қара жұма деген аты қандай жаман(
Жауап беру
Ж
Жулдыз 15.11.2020
Қара жұма деп өз елінде атай берсін, ал біздің елде мұның атын басқаша етіп қойсын. Қанша дегенмен мұсылмын халықпыз.
Жауап беру
Қ
Қымбат 15.11.2020
Жеңілдіктер деген жақсы ғой, бірақ қасиетті жұманы қара жұма деп атағанын ұнатпаймын!
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл