USD
EUR
RUB
Brent мұнайы
WTI мұнайы
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар

Жастарға баспана: бағдарламаға өтінім беру басталады

11.11.2021
1 мин
43
6989
Жастарға баспана: бағдарламаға өтінім беру басталады

Алматы қаласының әкімдігі 2021 жылғы қарашаның «15» мен «20» аралығында Алматы қаласының жұмыс істеп жатқан жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін Наурызбай ауданының"Алма сити-5" ТК және Алатау ауданының "Мәдениет" ТК 1050 пәтерге өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталатынын хабарлайды.

Бағдарламаға 29 жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Алматы қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау керек.

Орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлау қаупі бар (қирау) тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының) және кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдында 2 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау.

Өтініштерді және құжаттарды беру www. almaty-jastary.info сайты арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау порталында авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі. 

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 жыл мерзімге беріледі.

Құжаттар тізімі:

1) Ережедегі қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш (өтінімді толтырған соң өзі құрылады);

2) Берушінің және ерлі-зайыптылардың (бар болса) жеке басын куәландыратын сканерленген құжат;

3) Білім туралы сканерленген құжаты (диплом, сертификаттар);

4) Неке қию туралы сканерленген куәлік (бар болса);

5) Балалардың сканерленген туу туралы куәлігі (бар болса);

6) Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

7) Жұмыс орнынан сканерленген анықтама, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік жүргізген жағдайда жеке кәсіпкерліктің тіркелуі туралы куәлік;

8) Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы сканерленген анықтамасы;

9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттары (бюджеттік ұйымда өтілді растау үшін еңбек кітапшаның сканерленген беттерін немесе өтілді растатын анықтаманы жүктеу керек болады);

10) Екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы сканерленген үзінді;

11) Өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын сканерленген құжаттары (кәсіби саладағы жетістіктер ескерілуі қажет. Мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары).

12) Сонғы 2 жыл аралығында Алматы қаласы аймағында тіркеу орны өзгенген жағдайда, көші-қон органнан 2-жылдық тіркеуді растайтын сканерленген құжат жүктеліну керек (Полицияның көші-қон басқармасы).

43 Пікір
Мадина
ТЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ОТІП ЖАТЫРМА БҰЛ БАҒДАРЛАМА
Жауап беру
Жабу
Мадина
Жадыра
Үйленген бірақ келіншегі 16 жаста болса үй кезегіне тіркеле алама?
Жауап беру
Жабу
Мадина
Жадыра
Ақтаудан үйге тіркеліп, алсақ болама?
Жауап беру
Жабу
айдана
кридиттке қарайма
Жауап беру
Жабу
айдана
Jok karamaidi
Жауап беру
Жабу
Арман
Мүмкін болса осы бағдарламаға қоссаныз!
Жауап беру
Жабу
Константин Сергеевич
Где можно взять пример заявления по форме
Жауап беру
Жабу
Ильяс
Мен алдым келеди
Жауап беру
Жабу
Ая
Тек мұғалимдергема? Или медиктерге боладыма
Жауап беру
Жабу
Ая
Кімнен кеңесіп , құатаржы жинасам болады ?
Жауап беру
Жабу
Дина
документтерди тек скан жасап енгизу керек пе?еговтагы документтерди енгизе берсе болмайды ма? балага да 2жыл ишинде уйы жок жайлы справка алу керек пе?енем инвалид ол кисини де семья ретинде документин коса откизу керек пе( енем бизбен турады)?депозиттин справкасын каспиден алдырсам толык каржылык козгалыспен 47бет шыкты, барин енгизу керек пе алде тек депозит ашылган мерзими коринетин титульный бетин енгизсек болады ма?пенсионный справканы еговтагы полный выписканы енгизу керек пе алде енпфтагы выписканы ма? барлык кужатты егов пен енпф каспи приложениелеринен скачивать етип дайындап койдым или оригиналдарды сканировать ету керек пе обязательно?куйеуым, енем, мен жане мектеп жасындагы улымнын документтерин откизсек неше болмели береди екен?баллдар нешеден жогары болцы керек илигу ушин? уйлердин сдача уакытына деин куту керек пе, алде одобрение берсе оформить етип койып кутуге болады ма? уакыт тапшы февральда 29га толып коямын, оган деиын алып улгеру керек пе алде одобрение берсе болды корыкпай сдача уакытын кутемиз бе?
Жауап беру
Жабу
Айгерим
жаксы екен
Жауап беру
Жабу
Дина
Алматы жастары деген аты болмаса , мугаллимдерге гана бериледи. Баска салада жастар жумыс жасамайма сонда ? Неге биздин елде осылай санатка боледи? Шики багдарлама! Ким пикириме косылады, давайте биригип отиниш жиберемиз президентке. Казир сойлемесен, ешким ешетене бермейди. Мугаллимдерге онсыз да мемлекет тарапанынан колдау бар, калган жастарга Ким колдау береди?
Жауап беру
Жабу
Дина
Дина
келисемин, казир коп программалар тек госниктарга ынгайланган, биз сиякты ИП,ТОО-ларга истеп жургендерге киын
Жауап беру
Жабу
Нурила
Шымкент каласында кашан болады екен?
Жауап беру
Жабу
Айнур
Міндетті түрде прописка тұрақты болу қажетпа
Жауап беру
Жабу
Балым
Бұл сонда мұғалімдерге ғана ма??? Сонда Алматы жастары емес, Алматының жас мұғалімдері дей салмай ма. Онсыз да оларға жақсы жағдай жасап жатыр, ал басқа жұмыс істеп жүрген жастар ше
Жауап беру
Жабу
Кунсулу
Тек Алматы каласынын тургындарына берилема Актобе каласында да тапсыруга болама кужат
Жауап беру
Жабу
Ильмира
Бастапқы жарна қанша?
Жауап беру
Жабу
Vh
Тек алматы тургындарна берлема?
Жауап беру
Жабу
Айтолқын
Қандай сайтқа саламыз құжаттарды скандаған соң
Жауап беру
Жабу
Дана
Сонда бул уйлер только квартирага гана берылеме.сатып ала алмаймызба?
Жауап беру
Жабу
Асем
ИП табысты растау ушин кандай кужат откиземиз?
Жауап беру
Жабу
Назым
Уй алу жасым 29 толмағаг
Жауап беру
Жабу
Жанерке
Уй алу
Жауап беру
Жабу
Алтынай
Шымкент қаласында ашылама бұл бағдарлама
Жауап беру
Жабу
Елдана Мамырбаева
Алматы облысы қатыса алама????
Жауап беру
Жабу
ӘсеМ
Шымкентте қашан басталады?
Жауап беру
Жабу
Медицина кызыметкерлерине болма
Турмыс курмаган болса болама
Жауап беру
Жабу
Медицина кызыметкерлерине болма
Айгүл
29 жасқа толмасаңыз болады.
Жауап беру
Жабу
Венера
Нурсултан қаласы бойынша, жалпы басқа қалалар бойынша қашан басталады, баспанаға заявка беру
Жауап беру
Жабу
Венера
Эльвира
Нурсултан да басталып битип коиды
Жауап беру
Жабу
Асем
Шымкент каласы кашан басталады
Жауап беру
Жабу
Гулдана
Уй кезеке туру
Жауап беру
Жабу
Асель
Шымкент қаласы кашан?
Жауап беру
Жабу
Самбат
Депозитті енді ашуга болама
Жауап беру
Жабу
Асем
Нур-Султан қаласында жастар бағдарламасы қашан басталады айтып жібересіз бе?
Жауап беру
Жабу
Асем
Назира
4 ноябрьде басталып кеткен,бугин сонгы кун
Жауап беру
Жабу
Мирас
Қайырлы күн. Егер 100 востребованный профессия бойынша Оку битирип, Бирак баска профессия бойынша жумыс жасап журсен 10 балл бериледи ма?
Жауап беру
Жабу
Рауан
Коп балалыга берилема
Жауап беру
Жабу
Гулден
Саламатсызба егер декреттик демалыста болсам катыса алам ба? Июль айына дейин пенсионка бар?!
Жауап беру
Жабу
Жамила
Неге миндетти турде праписка болуы керек прапискага туру огай емес кой
Жауап беру
Жабу
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл