Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оңтүстік Кореяда бұзақылық жасап, әуежайдан қашпақ болған екі қазақстандықтың жағдайы туралы ақпарат тарады. Біреуі жақын арада елге қайтарылады, ал 3 күн іздеуде болған екінші азамат 3 айға қамауға алынды деп хабарлайды Dauletten.kz.
Korea Komek қорының ақпаратына сүйенсек, бұған дейін 26 наурызда 4:20-да 18 және 21 жастағы екі Қазақстан азаматы депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кеткен туралы ақпарат таралған болатын. Бір азамат сол күні ұсталса, екіншісі 3 күн бойы іздеуде жүріп, кейін өз еркімен берілген
Қазір екі қазақстандық та қамауға алынған. Олар Кореяға келулерінің басты себебі жұмыс істеп, қаражат тауып, отбасына көмектесу екенін айтқан.
Korea Komek қорының қолдауымен азаматтардың бірі тез арада елге қайтарылады.
Ал Корея билігінен 3 күн бойы жасырынып жүрген екінші қазақстандық алдағы 3 айды жергілікті түрмеде өткізеді. Корея заңы бойынша, Қазақстан азаматына 15 жылға дейін бас бостандығынан айру жазасы тағайындалуы мүмкін. Бірақ ол өз еркімен берілгендіктен жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде ескерілуі мүмкін.
Қазақстандықтардың бұл әрекеті Оңтүстік Корея жұртшылығын дүрбелеңге салып, наразылық тудырды. Салдарынан соңғы екі күнде Кореяда жүрген 23 отандасымыз Қазақстан азаматы болғаны үшін жұмыстан қуылған.
фото: egemen.kz