Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің басым бөлігінде циклонның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік және орталық өңірлерді түнде және таңертең тұман басады. Тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Күндіз Жамбыл, Ұлытау, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы 35-39 градусқа, ал Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында 40-44 градусқа жоғарылайды.
Еліміздің оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінің бірқатар мекендерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы +30+32°С, желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы +32+34°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ашық. Ауа температурасы +38+40°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.