Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы 2021 жылы жұмыссыздық деңгеіне болжам жасады.
Сонымен қатар жаңа жылда карантиндік шаралар қайта күшейсе, қандай мамандар жұмыссыздыққа ұшырауы мүмкін екені аталды.
«Жұмыссыздық деңгейі мен босатылатын жұмыс орындарының санына көптеген факторлар, соның ішінде елдегі эпидемиологиялық ахуал әсер етеді. Сондықтан бұл көрсеткіштерді 2021 жылға нақты санмен көрсету мүмкін емес», – деп түсіндірді Еңбек ресурстарын дамыту орталығында.
Десе де, ұйымның ақпаратына сәйкес, егер эпидемиологиялық жағдай осы күйінде сақталатын болса, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі бұрынғы 5% деңгейінде қалады. Ал егер елде шектеу шаралары қайта енгізілсе, 2020 жылғы III тоқсан қорытындысы бойынша жұмыссыз қалған 455 мыңды есептемегенде біліктілігі төмен 162,5 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл негізінен сауда және тамақтану, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында.
«Осындай шектеу шаралары қайта енгізілген жағдайда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс салаларында жұмыс істейтіндердің 90-97%-і бұрынғы жұмыс режимін сақтап қалады. Ал білім беру, қаржы және сақтандыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласында жұмыс істейтіндердің 58%-інен 80%-іне дейін қашықтықтан жұмыс істейтін болады. Жұмыс уақытын қысқарту және жұмыстан босату негізінен қызмет көрсету саласында, яғни сауда, көлік және қойма және тамақтану қызметтерінде болжанып отыр. Бұл салаларда жұмыспен қамтылғандардың 45%-інен 64%-іне дейін ақы төленбейтін демалысқа ауыса алады, ал 86 мыңға жуық адам толық жұмыстан шығарылуы мүмкін», – делінген зерттеуде.
Сондай-ақ ұйым 2020 жылдың III тоқсанында адамдар ең көп қысқарған қызмет көрсету және тамақтану саласында 16,9 мың, өнер, ойын-сауық және демалыс саласында 11,8 мың және әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында 18,3 мың қызметкер қысқарғанын мәлімдеді.
Ал сумен жабдықтау және қалдықтарды жою секторында жұмыспен қамтылғандар 5,3 мың, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласы 10,3 мың, қаржы және сақтандыру саласы 8,4 мың қызметкермен толықты.
Жұмыс іздеу мәселесіне келер болсақ, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының 2020 жылдың желтоқсанындағы ақпаратына сәйкес, электрондық еңбек биржасында 13 мың түйіндеме мен 36,2 мың бос жұмыс орны тіркелді.
Дереккөз: lsm.kz
Тағы көру